
Қоғамдық қозғалыстар — қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ әрекеті; белгілі бір қоғамдық өзгерістерге қарсылыққа немесе қолдауға бағытталған институцияланбаған қоғамдық күш жұмсау.
Қозғалыстың, әдетте, ұйымдық құрылымы және тіркелмелі мүшелігі болмайды. Мүдделерінің ортақтығы жағдайында оған әртүрлі идеялық бағыттағы адамдар қатысуы мүмкін, қозғалыс құрамы кең, бұқаралық сипатта, өзгермелі. Қоғамдық қозғалыстардың мақсаттары мен міндеттері әртүрлі - әлеуметтік, саяси, рухани-мәдени және т.б. болады. Көбіне бұл мақсаттар құбылмалы, өзгермелі және кеңейіп отырады. Қоғамдық қозғалыс, егер ол билік институттарына ықпал етуді, сайлау компанияларына қатысуды, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім қабылдауына әсер етуді көздесе, қоғамдық-саяси болып табылады. Қоғамдық қозғалыс қызметі мәселелерінің саяси қыры олардың саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бейресми мүдделер тобымен қарым-қатынасын қарастыруы мүмкін.
- Әлеуметтану
- Қоғамдық қозғалыстар