Қыздарбек Төребайұлы (1850, қазіргі Қарағанды, Шет ауданы Ақтас-Шалтас қыстауы - 1922, сонда) — домбырашы-күйші. Арғынның Қаракесек Кәрсөн руынан. Жасында Итаяқ күйшіден тәлім алған Қыздарбек өз дәуірінде асқан домбырашылық-күйшілік өнер шеберлігімен аты шыққан. Ол Тәттімбеттің, т.б. композиторлардың күйлерін ("Сылқылдақ", "Сылқымқыз", "Терісқақпай", "Майда Қосбасар", "Жұбаныш", т.б.) тартумен бірге өзі де күй шығарған. Қыздарбектен кезінде тәлім-тәрбие алған шәкірт күйшілері қатарында Аққыз, Әбді, Кенжеқара, Мақаш, Сембек, т.б. бар.
Санаттар:
- Тұлғалар
- Күйшілер
- Шет ауданы тұлғалары