| Қызыларай қорықшасы | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Ауданы | 17,5 мың га |
| Орналасуы | |
| 48°24′59″ с. е. 75°33′26″ ш. б. / 48.4164416° с. е. 75.5570984° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°24′59″ с. е. 75°33′26″ ш. б. / 48.4164416° с. е. 75.5570984° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қарағанды облысы |
| Аудан | Қарқаралы ауданы |
Қызыларай қорықшасы – республикалық маңызы бар табиғи-зоологиялық қорықша.
Географиялық орны, жер бедері
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстігінде орналасқан. Аумағы 17,5 мың га. Қорықшаның негізгі ландшафтасына басым бөлігі граниттен тұратын Қызыларай таулары жатады.
Флорасы
Тау беткейлерінде сирек қарағай орманы кездеседі, бұл Сарыарқаның оңтүстігінде өскен қарағайлы орман болғандықтан, оны қорғаудың ғылыми және шаруашылық мәні зор.
Қызыларай тауларының жазық баурайында негізінен жусан, құрғақ астық тұқымдасы өсімдіктері өскен. Кішігірім өзендер мен жылғалардың аңғарында қайың, көктерек аралас шағын орман, бұталар шоғырлары мен шалғындар кездеседі.
Фаунасы
Қорықшаның негізігі жануар әлемін арқар, суыр, кекілік, ақ және сұр шіл, құр, т.б. құрайды.
- Алфавит бойынша қорғалатын табиғи аумақтар
- Қазақстан қаумалдары
- Қарағанды облысы географиясы
