Қызылқанат балық - тұқы тұқымдас тұщы су балықтары. Денесі екі жағынан тығыздалып, қабысқан, биік. Дене ұзындығы 36 см дейін, салмағы 1,5 кг дейін. Қос, аналдық, құйрық жүзбеқанаттары алқызыл. Батыс Еуропаның, Грециянын және Шотландияның баяу ағысты тұщы суларында таралған. ТМД кеңістігінде, Балтика, Азов, Қара, Каспий, Арал теңіздерінің бассейндерінде таралған. Жыныстық жетілуі 3-5 жылға созылады. Уылдырығын бөліп, сәуір, маусым аралығында шашады. Өсімталдығы 96-232 уылдырық. Балдырмен және бентоспен қоректенеді.
Санат:
- Биология