| Қызылқұм ойысы | |
| Орналасуы | |
|---|---|
| 42°20′25″ с. е. 66°04′06″ ш. б. / 42.340275° с. е. 66.068344° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°20′25″ с. е. 66°04′06″ ш. б. / 42.340275° с. е. 66.068344° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер | |
Қызылқұм ойысы – Қазақстан мен Өзбекстан елдері аумағында, Тұран плитасының Қызылқұмдағы жеке геологиялық құрылымы.
Географиялық орны
Оңтүстігінде Нұратау, Тамдытау, Жетімтау, Бұққантау қыраттарымен, оңтүстік-шығысында Шатқал-Қорама тау алды өңірімен, солтүстік-шығысында Қарақтау баурайымен ұласады. Солтүстігінде Торғай ойысынан Орталық Қызылқұм күмбезі арқылы бөлінген.
Геологиялық құрылымы мен жер бедері
Тектоникалық құрылымы жағынан Қызылқұм ойысы 3 құрылымдық ярустан тұрады. 1-ярус саналатын ойыс табанын (500 — 3000 м тереңдікте) геосинклиналдық жағдайда жаралып, қатпарлықтарға жиырылған, бірнеше жарылыстармен қиылған палеозойдың магмалық-шөгінді жыныстары құрайды. Опырықтар мен қазаншұңқырларды толтырған 2-ярус баяу қатпарланған пермь-триас шөгінділерінен түзілген. 3-құрылымдық ярус (қалыңдығы 500 — 2000 м) юра-бор жүйелері мен кайнозойдың құмды-сазды, мергельді шөгінділерінен тұрады. 2- және 3-құрылыстық ярус жыныстары ойыстың палеозойлық табанының құрылымын жаңартып, оларды өте жайпақ белдерге (Кемпір, Балтакөл, Босаға, Шөл — Шардара, Төртқұдық — Қызылқора, т.б.), бірнеше науаларға (Жауқаш, Арыс, Келес) бөлген. Айналасындағы палеозой құрылымдарымен салыстыру негізінде ойыстың шеттерінде алтын, темір, мыс, қорғасын-мырыш кендері, юра-бор қабаттарында мұнай-газ көздері болуы ықтимал деп жорамалданады. Бор, палеозой қабаттарында артезиан сулары бар.
- Алфавит бойынша ойпаттар
- Қазақстан ойпаттары
- Қызылорда облысы географиясы
- Түркістан облысы географиясы
- Өзбекстан географиясы

