Досбаев Қырықбай (1892—1943, Атырау облысы). Ембінің ардагері. 1913-1931 жылдары — Доссор мұнай кәсіпшілігінде оператордың көмекшісі, мұнайды көлікпен тасушы. 1931-1936 жылдары — Мақат, Байшонас мұнай кәсіпшіліктерінде бұрғылау жұмысшысы, бұрғышының көмекшісі, бұрғышы. 1937-1943 жылдары — Байшонас мұнай кәсіпшіл ігі басқармасында ұңғыларды жер асты жендеу бригадасының шебері. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Санат:
- Тұлғалар