Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков (10 наурызда 1945 жылы, Қазақ КСР Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылы - 17 желтоқсанда 2017 жылы Қазақстан Алматы) — кино ж

Құман Тастанбеков

  • Басты бет
  • Құман Тастанбеков

Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков (10 наурызда 1945 жылы, Қазақ КСР Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылы - 17 желтоқсанда 2017 жылы Қазақстан Алматы) — кино және театр актері. Қазақстанның халық әртісі (1993). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1976). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков
Жалпы мағлұмат
Туған күні

10 наурыз 1945 (1945-03-10)

Туған жері

Алматы облысы Сарқан ауданы Екіаша ауылы

Қайтыс болған күні

17 желтоқсан 2017 (2017-12-17) (72 жас)

Қайтыс болған жері

Қазақстан Алматы

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Мамандығы

актёр

Белсенді жылдары

1969- 2017

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Өмірбаяны

Орта жүз Найман тайпасының Садыр руынан шыққан.

  • 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін (педагогы – профессор Х.Бөкеева) бітірген.
  • Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.
    • Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970). Бұдан кейін
    • “Қыс – мазасыз маусым”
    • “Ағам менің”
    • “Ерекше күн”
    • “Аққулар ұшып келеді”
    • “Махаббат жаңғырығы”
    • “Ағама арналған қалыңдық”
    • “Қараша қаздар қайтқанда”
    • “Провинциялық хикая”
    • “Алаң шеті”
    • “Өрнек”, т.б. фильмдеріне түсті.
  • Ол театр сахнасында
    • Қасым, Құлбек (Ш.Айтматов “Ана - Жер-Ана” мен “Ақ кемесі”)
    • Әлібек, Нарша, Абыз (М.Әуезов, “Айман - Шолпан”, “Қарагөз” бен “Еңлік-Кебек”)
    • Тәңірберген (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”)
    • Жан (О.Бөкеев, “Құлыным менің”, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1976)
    • Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев, “Абай”)
    • Маздақ (М.Шаханов, “Сенім патшалығы”)
    • Орест (Л.Дюрко, “Электра, сүйіктім менің”)
    • Флоридор (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”)
    • Фархад (Назым Хикмет, “Фархад – Шырын”), т.б. секілді әр алуан рөлдерді орындап, қызғылықты мінез-кейіптер жасады.

Марапаттары

  • 1976 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
  • 1982 жылы Қазақ КСРнің еңбек сіңірген артисі
  • 1993 жылы Қазақстан Республикасының халық артисі
  • 2001 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
  • 2008 жылы "Құрмет ордені"
  • 2015 жылы "ҚР коститутциясына - 20 жыл" мерекелік медалі
  • 2016 жылы ҚР президентінің жарлығы бойынша "Парасат ордені" мен марапатталды.
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 27, 2026

    Тасмола мәдениеті

  • Сәуір 05, 2026

    Кенді Алтай

  • Сәуір 04, 2026

    Тарбағатай тауы

  • Сәуір 03, 2026

    Бәйтерек ауданы

  • Наурыз 18, 2026

    Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары