| Құсмұрын | |
![]() | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 103 м |
| Өлшемі | 60 × 15 км |
| Ауданы | 400–415 км² |
| Тереңдігі | 3,5 м |
| Су алабы | |
| Суды жинау ауданы | 10,5 мың км² |
| Құятын өзен | Обаған |
| Шығатын өзен | Обаған |
| Орналасуы | |
| 52°43′10″ с. е. 64°47′02″ ш. б. / 52.71944° с. е. 64.78389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°43′10″ с. е. 64°47′02″ ш. б. / 52.71944° с. е. 64.78389° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қостанай облысы |
| Аудандар | Қарасу ауданы, Әулиекөл ауданы |
| Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). | |
Құсмұрын — Тобыл алабындағы көл.
Географиялық орны
Қостанай облысының Қарасу, Әулиекөл аудандары аумағында.
Гидрографикасы
Ауданы 400 – 415 км2, су жиналатын алабы 10,5 мың км2. Ұзындығы 60 км, ені 15 км. Ең терең жері 3,5 м. Көлді Обаған өзені жарып ағады. Суы жасыл сарғыш түсті, минералдылығы 1 – 25 г/л. Көл түбі тегіс, оны құмтас, лай шөгінділері жапқан.
Жағалау сипаты
Көлге Қайып, Үшқарасу, Ащықарасу, т.б. өзендер құяды. Орта тұсының жағалаулары жарқабақты (5-7 м) келген. Оңтүстік-батысында Аманқарағай шоқ орманы орналасқан. Алабы негізінен жыртылған. Көлде құстар ұя салады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша көлдер
- Тобыл су алабы
- Қарасу ауданы көлдері
- Әулиекөл ауданы көлдері

