Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қостанай облысы Амангелді ауданы жерімен ағады. Жақсысаба бастауынан есептегенде ұзындығы 69 км. Су жиналатын алабы 1280 км2.

Үлкен Сабасалды

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Үлкен Сабасалды өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 69 км
Су алабының
ауданы
1280 км²
Су алабы Торғай
Су ағысы
Бастауы Сарыарқаның батысындағы Қайыңдышоқының оңтүстігі
Сағасы Қараторғай өзені
  Орналасқан жері Жаңақала ауылының солтүстігі
  Координаттары 49°50′11″ с. е. 66°06′29″ ш. б. / 49.83639° с. е. 66.10806° ш. б. / 49.83639; 66.10806 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°50′11″ с. е. 66°06′29″ ш. б. / 49.83639° с. е. 66.10806° ш. б. / 49.83639; 66.10806 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Қостанай облысы Амангелді ауданы

Үлкен Сабасалды – Торғай алабындағы өзен.

Географиялық орны

Қостанай облысы Амангелді ауданы жерімен ағады. Жақсысаба бастауынан есептегенде ұзындығы 69 км. Су жиналатын алабы 1280 км2.

Бастауы

Сарыарқаның батысындағы Қайыңдышоқының оңтүстігінен басталып, Жаңақала ауылының солтүстігінде Қараторғай өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Аңғары кең, тек Талайрық сағасынан төмендегенде 50 — 300 м-ге тарылады. Жауын-шашын (80 — 90%), жер асты (10 — 20%) суымен толығады. Жазда қарасуларға бөлінеді. Орташа көп жылдық су ағымы 0,55 м3/с. Лайлылығы 200 — 400 г/м3. Мал суарылады.

Жоғары