Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы жерінде, Қарақамыс ауылынан оңтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан.

Үлкен Қарақамыс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үлкен Қарақамыс
Морфометрия
Өлшемі4,6 × 4,1 км
Ауданы6,8 км²
Жағалау сызығының ұзындығы20,4 км
Тереңдігі2,8 м
Су алабы
Суды жинау ауданы10,5 км²
Орналасуы
54°10′37″ с. е. 66°18′45″ ш. б. / 54.177° с. е. 66.3125° ш. б. / 54.177; 66.3125 (G) (O) (Я)Координаттар: 54°10′37″ с. е. 66°18′45″ ш. б. / 54.177° с. е. 66.3125° ш. б. / 54.177; 66.3125 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақСолтүстік Қазақстан облысы
АуданЖамбыл ауданы
Үлкен Қарақамыс
Үлкен Қарақамыс (Солтүстік Қазақстан облысы)
Үлкен Қарақамыс

Үлкен Қарақамыс — Есіл алабындағы көл.

Географиялық орны

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы жерінде, Қарақамыс ауылынан оңтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы

Су айдынының аумағы 6,8 км2, су мол жылдары 10,5 км2-ге дейін ұлғаяды. Ұзындығы 4,6 км, ені 4,1 км. Жағалауының ұзындығы 20,4 км, ең терең жері 2,8 м. Су жиналатын алабы түгелімен дерлік жыртылған. Көл түбіндегі тұнбаның қалыңдығы 0,5 - 0,7 м. Суы сәл ащылау, көктемде жұмсарады, жаздың соңына қарай суы кермек татиды.

Жағалау сипаты

Қазаншұңқырда жатқан көлдің жағалауы аласа, түбі тегіс, сазды. Жағалауында қатты сабақты өсімдіктер өскен. Қамыс, құрақ, шалғын, қияқ өскен. Құстардың келу, кету кезінде, әсіресе, күзде мұнда мыңдаған сұр, ақбас қаздар, сұр тырна, т.б. сулы-сазды жерді мекендейтін құстар көп болады.

Жоғары