Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

ҮНДЕСІМ (ҮНДЕСТІК) ЗАҢЫ — буын не сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйы

Үндестік заңы

  • Басты бет
  • Үндестік заңы

ҮНДЕСІМ (ҮНДЕСТІК) ЗАҢЫ — буын не сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Ондай құбылыс туыстас тілдер тобына ғана тән. Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға (егер сөз бір буынды болса), содан кейін буындарды сөзге (егер сөз екі не көп буынды болса) біріктіреді. Үндестік заңы қазақ тілінің іргелі заңдылығы болғандықтан, оның ықпалы тілдегі дыбыстардың айтылымы мен естілімінде басым болады. Осы тұрғыдан дыбыстар төрт топқа бөлінеді: 1) жуан езулік әуез дәйекшесіз ([]) беріледі. Мысалы, ата, қызық, алыс, т.б.; 2) тік таяқша ([]) жіңішке езулік әуезді: мыс., әже, егін, бірлік, т.б.; 3) дөңгелекше () жуан еріндік әуезді: мыс., қол, бұрұм, орұн, т.б.; 4) тік таяқша мен дөңгелекше () жіңішке еріндік әуезді көрсетеді: мыс., күн, көлүк, түлкү. Буын не сөздің үндесім әуезі сол буын не сөз құрамындағы дыбыстардың жасалымы өзара үйлескен, естілімі өзара үндескен тіркесін құрайды. Дәстүрлі қазақ тілтанымындағы (түркологияда) фонетика ережеде Үндестік заңын дауыстылардың үндесуі деп түсіндіріп келсе, қазақ тілінде тек дауыстылар ғана үндеседі, ал дауыссыздар көрші дауыстының ықпалында болады делінген. Сонымен қатар дыбыстардың бір-біріне ықпалын да сингармонизм заңдылығына жатқызып келді. Дауыссыз дыбыстардың арасындағы ілгерінді ықпал бойынша (мысалы, әліпби-әліппи, құр қалу-құрғалу, көкбет-көкпет, т.б.) алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссыздың айтылымына (артикуляциясына) әсерін дауыссыздардың сингармонизмі деп атайды. Зерттеу нәтижесінде сөз құрамындағы дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып айтылуы сөз просодикасына байланыстылығын көрсетеді. Қазақ тілінің сөз просодикасы үндесім болғандықтан, ол сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарға бірдей тең ықпал етеді.

Қазақ тіліндегі үндестік заңы

Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы. Үндестік заңының 2 түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізімі

  • Сәуір 06, 2026

    Посткеңестік кеңістік

  • Сәуір 10, 2026

    Қазақстан компартиясы басқару органдарының қызметі

  • Сәуір 11, 2026

    Нигер-конголез тілдері

  • Наурыз 26, 2026

    Кәсіпкерлік

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары