Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Үркер» (ағылш. Urker) — баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін берілетін қазақстандық ұлттық сыйлығы. Қазақстан Республикасы А

Үркер марапаты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

«Үркер» (ағылш. Urker) — баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін берілетін қазақстандық ұлттық сыйлығы. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі дарынды журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аудару мақсатында 2017 жылы құрған.


Сыйлық тарихы

  • Алғашқы марапаттау рәсімі 2017 жылғы 28 маусымда Қазақстанның астанасында өтті.
  • Жыл сайын жеңімпаздар сыйлықтың бас жүлдесімен — эксклюзивті мүсіншемен және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақымен марапатталады.
  • 3 жыл ішінде 2023 өтінім қабылданып, оның ішінде 160 өтінім шорт-параққа енгізілді.
  • Осы жылдар ішінде Сыйлықты 40 кәсіби маман жеңіп алды.


Бәйгеге қатысушылар

"Үркер-2020" сыйлығын алуға 2019 жылғы 01 қаңтар мен 2020 жылғы 01 қараша аралығында Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған жұмыстар қабылданады. Контентті өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады.

Бәйгенің қазылар алқасы

Байқау жұмыстарын тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды. 2020 жылдың қазылар алқасының құрамына беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және халықаралық медиа сарапшылар енді. Сыйлық лауреаттарын қазылар алқасы мүшелерінің жабық дауыс беруі айқындайды. Жеңімпаздар жасырын дауыс беру нәтижесінде анықталады.

2019 жылғы сыйлықтың жеңімпаздары

НоминацияларЖеңімпаздар
Жыл журналистік зерттеуіАнастасия Яцун, Holanews.kz
Жыл аналитикалық материалыЕвгения Бодрова, Informburo.kz
Қазақстан туралы жылдың танымдық материалыАян Өрібай, МИА Казинформ
Жыл репортажыКсения Бондал, Kapital.kz
Жыл сұхбатыЖанна Ойшыбаева, «Литер»
Жыл газетіВремя газеті
Жыл журналыNational Geographic
Жыл ақпараттық порталыZakon.kz
Жыл new mediaKaliyev Channel, Талгат Калиевтің телеграм-арнасы
Жыл радиостанциясыКлассик Радиосы
Жыл фотографиясыОспан Али, Egemen.kz

2018 жылғы сыйлықтың жеңімпаздары

НоминацияларЖеңімпаздар
Үздік аналитикалық материалАсель Муканова , «Казахстанская правда»
Үздік халықаралық сараптамалық материалСауле Исабаева, «Central AsiaMonitor»
Үздік фотосуретТурар Казангапов, Tengrinews
Үздік репортажИлья Астахов, Today.kz
Астананың 20 жылдығына арналған материалҒалым Өмірханов, Қазақ газеттері
Қазақстан туралы үздік танымдық материалЯков Федоров, «Yvision»
Үздік сұхбатГүлзина Бектасова, «Айқын» газеті
Үздік журналистік зерттеуАсқар Джалдинов, «Время» газеті
Үздік Интернет БАҚInformburo.kz
Үздік республикалық баспасөз басылымыЕгемен Қазақстан
Үздік аймақтық баспасөз басылымы«Жетісу» газеті
Үздік аймақтық радиостанция«Жұлдыз FM» радиосы
Үздік радиостанция«Шалқар» радиосы
Үздік вайнНұрлан Батыров


2017 жылғы сыйлықтың жеңімпаздары

НоминацияларЖеңімпаздар
Үздік өңірлік басылым«Рейтинг» Оңтүстік Қазақстанның ақпараттық-сараптамалық газеті
Үздік радиобағдарлама«Шалкар радиосының» ​​​​​ «Ән домбыра» бағдарламысы
Үздік салалық басылым«Дружные ребята» балаларға арналған газет
Үздік журналNational Geographic Қазақстан
Үздік республикалық баспасөз басылымы«Айқын» қоғамдық-саяси газеті​​
Үздік репортаж«National Digital History» порталы Олжас Беркінбаев, - «Барөкілдегі қазақ музейі немесе құмай құстың күртесі»​​ мақаласы
Қазнеттегі медиасерпіліс«Massaget.kz» жастар порталы
Үздік өңірлік радиостанция«Астана» ақпараттық-музыкалық радиостанциясы
Үздік журналистік зерттеуАупбаев Жанболат, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті
Үздік сұхбатГоворкова Виктория - «Капитал» іскерлік журналы
Қазақстан туралы үздік танымдық материалДуман Анаш, «Егемен Казахстан» республикалық газеті
Үздік халықаралық сараптамалық материалЗарина Ахматова, Vlast.kz, «Афганистан близко»
Журналистикадағы дебютМөлдір Иманмади, 7kun.kz сайты
Үздік фотосуретЕрлан Омаров, «Егемен Қазақстан» газеті
Үздік аналитикалық материалВалентина Фиронова, «Казахстанская правда», «Боль чужую принять как свою»


2020 жылғы номинациялар

  • Жыл үздік фотосуреті;
  • Жыл үздік репортажы;
  • Жыл үздік аналитикалық материалы;
  • Жыл үздік журналистік зерттеуі;
  • Жыл үздік сұхбаты;
  • Жыл үздік танымдық материалы;
  • Радиостанциядағы үздік жоба - "Атырау радиосындағы" "Эфирде 102FM" телерадиобағдарламасы
  • Жыл үздік жаңалықтар порталы;
  • Жыл үздік газеті;
  • Жыл үздік журналы;
  • Шерхан Мұртаза атындағы номинация.

Биылғы жылы публицистерге жеке номинация арналды және Шерхан Мұртазаның құрметіне аталды. Шерхан Мұртазаның есімімен тек қазақ әдебиеті ғана емес, отандық журналистика да байланысты. Қазақстандық публицистика саласының майталманы кәсіби журналистердің бірнеше буынын тәрбиелеген еді.

Ескерту

Сілтемелер


  1. «Атырау радиосының» «Эфирде 102FM» хабары телерадиостансадағы ең үздік жоба аталымында жеңімпаз. Urker.kz. (13 қараша 2021). Тексерілді, 15 сәуір 2022.
Жоғары