| Үркімбай би | |
| Туған күні | XVIII ғасырдың аяғы |
|---|---|
| Қайтыс болған күні | XIX ғасырдың 1-ші жартысы |
| Ұлты | қазақ |
| Қызметі | шешен |
Үркімбай би (т.-ө. ж. б.) — белгілі шешен, би. Орта жүздің арғын руының әйдерке тармағынан шыққан. Шамамен 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген. Өз заманында әділ де адуынды би болған. Оның Кенесары ханға айтқан сөзі ел аузында сақталған. Ол жайындағы деректер М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазбалар бөлімінде сақтаулы. Үркімбай бидің бейіті қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданына қарасты Қызбел тауының етегіндегі Қаратал деген жерде.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
- Х.М.Ғабжалилов = "Қазақ ру тайпалары тарихы" Арғын — Алматы: Алаш ТЗО, 2007. — Т. 9. — 660 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-16-2.
Санаттар:
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Тұлғалар
- Өнер