Ұзын (өзб. Uzun/Узун) — қала типтес елді мекен, Өзбекстанның Сұрқандария облысы Ұзын ауданының әкімшілік орталығы. Халқы: 12800 мың адам (2002).
Ұзын ауылы — Сұрқандария облысының солтүстік-шығысында, Сұрхандария өзенінің аңғарында орналасқан Құмқорған-Душанбе темір жол желісі оның аумағы арқылы өтеді. Мұндағы станса Сарысия деп аталады, одан Шарғұнға қарай өндірістік желі өтеді. Қолайлы орналасуының арқасында Ұзын Сұрхан-Шерабад алқабының солтүстігіндегі өнеркәсіптік және сауда орталығы болып табылады, құрылыс материалдарының өндірісі жақсы жолға қойылған, мақта тазартатын зауыт және фермерлер базары, шағын хайуанаттар бағы да бар.
Сауда, мәдениет және қызмет көрсету орталықтары, 3 жалпы білім беретін мектеп, музыка мектебі, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, 2 кәсіптік колледж (ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету), кітапхана, аурухана, орталық дәріхана халыққа қызмет етеді.
- Сұрқандария облысы елді мекендері