Ұлттық пантеон — аса көрнекті мемлекет, ғылым, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдарды мәңгі есте сақтау мақсатында салынған, мемориалдық маңызы бар сәулет объектісі болып табылатын, қайтыс болған (қаза тапқан) адамдарды жерлеуге арналған орын. Пантеон Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы маңында, Астана қаласынан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде орналасқан.
Тарихы
Пантеон Қабанбай батыр кесенесінің айналасында құрылған. Пантеон құру туралы шешім 2014 жылы қабылданған, ал құрылыс 2015 жылы басталды. Пантеон ресми 2020 жылғы маусым айынан бастап жұмыс істей бастады. Оның қызметін Астана қаласы Есіл ауданының әкімшілігі реттейді.
Ережесі
Пантеонға келесі санаттарға кіретін қайтыс болған адамдар жерлене алады:
- Қазақстан Президенттері;
- Қазақстан премьер-министрлері мен орынбасарлары; Парламент палаталарының төрағалары мен орынбасарлары; мемлекеттік кеңесшілер; Президент Әкімшілігінің басшылары; Конституциялық соттың, Жоғарғы Соттың және Ұлттық Банктің төрағалары;
- Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган басшылары; министрлер; республикалық маңызы бар қала, елорда және облыс әкімдері;
- Қазақстанның Халық қаһарманы мен Еңбек ері атағына ие болған тұлғалар;
- "Алтын қыран" ордені, Отан ордені, "Еңбек Даңқы" орденінің үш дәрежесімен марапатталған азаматтар;
- "Кеңес Одағының Батыры", "Социалистік Еңбек Ері" атақтарына ие болған азаматтар;
- "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған азаматтар;
- Қазақстан Президентінің жеке шешімі бойынша басқа да азаматтар.
Ерекшеліктері
Барлық құлпытастар бірдей жасалған. Кәдімгі дәстүрлі қазақ зираттарынан айырмашылығы - пантеондағы зиратта қайтыс болғанның руы жазылмайды.
Жерленгендер тізімі және фотосуреттері
Билік пантеон құру туралы хабарды жарияламас бұрын бұл жерде бірнеше зират болған.. 2025 жылғы 22 қазандағы тізім:
- Әбіш Кекілбаев (6 желтоқсан 1939 — 11 желтоқсан 2015) - қазақстандық қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның Еңбек Ері (2009), Қазақстанның Халық жазушысы (1992), Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1995), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филолог.
- Фариза Оңғарсынова (25 желтоқсан 1939 - 23 Қаңтар 2014) - ақын, Қазақстанның Халық жазушысы (1996), Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979), қоғам қайраткері, бірқатар поэтикалық кітаптар мен жарияланымдардың авторы;
- Орал Мұхамеджанов (11 қараша 1948 — 15 Қазан 2013) — Парламент Мәжілісінің бұрынғы спикері;
- Мақсұт Нәрікбаев (30 наурыз 1940 — 12 Қазан 2015) — Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағасы;
- Қонысбай Әбіл (21 мамыр 1954 — 3 желтоқсан 2022) — Қазақстанның халық ақыны, айтыскер және сатирик;
- Қосман Айтмұхаметов (29 тамыз 1963 — 15 шілде 2020) — Мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары;
- Гүлбану Алтынбаева (1946-2016) — бұрынғы Қорғаныс министрі, армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың әйелі;
- Кенжеғали Сағадиев (18 ақпан 1938-25 шілде 2020) - Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан РеспубликасыҰлттық Ғылым Академиясының академигі;
- Клара Жұмабаева (1941-2020) — халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың жұбайы;
- Саяхат Қонақай (3 маусым 1955 — 21 қыркүйек 2014) — Сара Назарбаеваның ағасы;
- Сергей Дьяченко (18 қыркүйек 1952 — 26 қазан 2016) — Ақмола облысының бұрынғы әкімі;
- Қозы-Көрпеш Жаңбыршин (02 шілде 1960 — 12 Ақпан 2017) — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бұрынғы төрағасы;
- Зейнолла Шайдаров (14 қараша 1933 — 25 маусым 2020) — қоғам қайраткері;
- Ибрагим Жанғоразов (1937 жылғы 19 шілде — 2020 жылғы 15 қаңтар) — ауыл шаруашылығы қайраткері, Социалистік Еңбек Геро (1981 жыл);
- Әнес Сарай (21 қараша 1937 — 2 ақпан 2021) — қазақ жазушысы, драматург, журналист. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Баян Сисенқызы Жақыпова (18 желтоқсан 1949 — 24 сәуір 2021) — Парламент Мәжілісінің бұрынғы спикері Қабиболла Жақыповтың әйелі;
- Серік Смайылұлы Қирабай (23 наурыз 1927 – 26 қазан 2021) – кеңестік, қазақстандық көрнекті әдебиеттанушы ғалымдардың бірі, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚазКСР мен Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі;
- Қожахмет Балахметов (26 маусым 1926 — 6 қараша 2021) — Еңбек ардагері және Қазақ КСР бұрынғы Білім министрі;
- Мнаура Әбиқызы Сағындықова (Қорғұлова) (28 қаңтар 1951 — 19 маусым 2022) — Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Елеусін Сағындықовтың жұбайы;
- Қажымұрат Нағыманов (1 маусым 1948-2 шілде 2022) - мемлекет қайраткері, 2002-2005 жылдары Қазақстанның көлік және коммуникация министрі;
- Мария Ғабдуллина (15 шілде 1938 — шілде 2022) — мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың әйелі;
- Бази, Клара Қайсарқызы (24 шілде 1939 – 15 сәуір 2023) – Ибрагим Байгораздың әйелі.
- Несіпбек Айт (22 қыркүйек 1950 – 16 қазан 2023) – қазақ ақыны, аудармашы, журналист;
- Анар Жайылғанова (10 шілде 1969 – 12 ақпан 2024) – қазақстандық мемлекеттік, саяси қайраткер;
- Сейдахмет Рысқожаұлы Құттықадам (9 мамыр 1946 – 2 наурыз 2024) – көрнекті қазақстандық саясаттанушы, публицист, қоғам қайраткері;
- Өмірбек Байгелді (15 сәуір 1939 — 3 сәуір 2024) — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (30 қаңтар 1996 — 1 желтоқсан 1999);
- Әкім Үртайұлы Әшімов (9 қыркүйек 1933 — 22 сәуір 2025) — жазушы, киносценарист, Қазақстанның Еңбек Ері (2021).