Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Әбу-Жәлел пір (Әбжел қожа) (17 ғасырдың соңы – 18 ғасырдың 1-жартысы) — ғұлама. Руы – Керейт (Қосым Қожаның ұлы). 1726 жылы Ордабасыдағы Құрылтайда біріккен қаз

Әбу-Жәлел пір

  • Басты бет
  • Әбу-Жәлел пір

Әбу-Жәлел пір (Әбжел қожа) (17 ғасырдың соңы – 18 ғасырдың 1-жартысы) — ғұлама. Руы – Керейт (Қосым Қожаның ұлы). 1726 жылы Ордабасыдағы Құрылтайда біріккен қазақ қолының пірі, рухани көсемі болып сайланған.

Үргеніште оқыған, Мекке мен Мединеге қажылыққа барған, ислам дінінің қағидаларын жетік білген. Халықты имандылық жолында тәрбиелеуге, мешіттер ашқызып, қазақ арасында мұсылманшылықты дамытуға көп үлес қосқан. Әбу-Жәлел пірдің кеңесімен Абылай Сарғалдақ қожаны Арқаға, Шақшақ Жәнібекті, әкелі-балалы Кәши және Азына қожаларды Торғайға, тағы басқаларын қоныстандырған.

Әбу-Жәлел қожа 1731–1732 жылдары М.Тевкелев елшілігінен кейін Ресейге қосылуға келіспей, Әбілқайыр ханға қарсы шыққан топ басшыларының бірі болды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Маусым 14, 2026

    Слюдянка (қала)

  • Наурыз 21, 2026

    1914 жыл

  • Сәуір 25, 2026

    Маралшөп тамыры

  • Маусым 08, 2026

    Фатимидтер хилафаты

  • Тамыз 01, 2026

    Қуаңдария (ауыл)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары