| Әбу Суфйан | |
| араб.: أبو سفيان | |
| Туған күні: | 560 |
|---|---|
| Қайтыс болған уақыты: | 650 |
| Қайтыс болған жері: | Медине |
| Жұмыс орны: | Медине, ірі саудагер |
Әбу Суфьян (араб.: أبو سفيان 560-650, Медине) - меккелік ірі саудагер, құрайыш тайпасы көсемдерінің бірі. Мұхаммед пайғамбарға, ислам дініне қарсы шығып, көп кедергілер келтірген. Кейін Мәдинада Мұхаммед билігі күшейіп, ислам дінінің кең тарала бастағанына көзі жеткен Әбу Суфьян Мұхаммедпен жарасқан. Мекке жұрты Әбу Суфьян көмегімен ұрыссыз мұсылмандарға бас иді. Осман халиф тұсында Әбу Суфьянның ұлы Муауия Шам (Сирия) әмірі болып тағайындалады. Кейін Әли Әбу тәліп (Әзірет Әлі) қайтыс болған соң, билікті қолға алған Муауия омеялықтар әулеті билігінің негізін қалады.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- Алфавит бойынша сахабалар
- 560 жылы туғандар
- 650 жылы қайтыс болғандар