Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Әди Шәріпұлы Шәріпов (19 желтоқсан 1912, қазіргі Жарма ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 4 қараша 1993, Алматы) — қазақ кеңес жазушысы, филология ғылымдарының до

Әди Шәріпов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әди Шәріпұлы Шәріпов
Әди Шәріпов
Лауазымы
Қазақ КСР Жазушылар одағының төрағасы
1966  1971
Ізашары Ғабит Мүсірепов
Ізбасары Әнуар Әлімжанов
Өмірбаяны
Білімі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (1938)
Ғылыми дәрежесі филология ғылымдарының докторы
Дүниеге келуі 19 желтоқсан 1912 (1912-12-19)
Мариновка ауылы, Көкпекті болысы, Зайсан уезі, Семей облысы, Ресей империясы
Қайтыс болуы 4 қараша 1993 (1993-11-04)(80 жас)
Алматы, Қазақстан
Шайқасы Ұлы Отан соғысы
Марапаттары

Әди Шәріпұлы Шәріпов (19 желтоқсан 1912, қазіргі Жарма ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 4 қараша 1993, Алматы) — қазақ кеңес жазушысы, филология ғылымдарының докторы (1973), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі (1957).

Қысқаша өмірбаяны

Найман тайпасының Матай руының Қаптағай бөлімінің Қарауылжасақ елінен шыққан.

  • 1938 жылы - ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
  • 1938–1940 жылдары - Алматы облысы мектептерінде мұғалім болды.
  • Ұлы Отан соғысына қатысып, партизан отрядын басқарған. Партизандардың ерлік күресін өз шығармаларына арқау етті.
  • 1944–1958 жылдары - 1944–1958 жылдары Қазақ КСР оқу министрінің орынбасары қызметін атқарды.
  • 1958–1963 жылдары - оқу министрі;
  • 1963–1966 жылдары - Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Сыртқы істер министрі;
  • 1966–1971 жылдары - Қазақ КСР жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы және КСРО Жазушылар одағының хатшысы;
  • 1971–1979 жылдары - Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер;
  • 1979–1993 жылдары - институт директоры қызметтерін атқарған.

Шығармашылығы

«Партизан қызы», «Тон», «Қапастағы жұлдыздар» повестерінің, «Сахар қызы», «Дос сыры» романдарының авторы. "Ж. Саиннің өмірі мен творчествосы","Қазіргі дәуір мен жаңашылдық" т.б. монографиялары, әдебиеттану мен педагогика салаларына қатысты көптеген еңбектері жарық көрді.

Қоғамдық қызметі

5–6-сайлауында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және 7-сайлауында КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты.

Марапаттары

Шәріповтің марапаттары қатарында:

  • Ленин ордені
  • 1-дәрежелі Отан соғысы ордені
  • 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені
  • Қызыл жұлдыз ордені
  • Құрмет Белгісі ордені болды.
Жоғары