Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Әйелдер қауымына арналған "Азат Әйел" (1925) және "Теңдік" газеттерінен бастау алады. 1926 жылдың қаңтар айынан бастап "Әйел теңдігі" деген атпен журнал болып ш

Әйел теңдігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Қазақстан әйелдері – қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал.

Әйелдер қауымына арналған "Азат Әйел" (1925) және "Теңдік" газеттерінен бастау алады. 1926 жылдың қаңтар айынан бастап "Әйел теңдігі" деген атпен журнал болып шыға бастады. Журнал 1935 – 1941 жылдары және 1950 – 1954 жылдары "Сталин жолы". 1955 жылдың қаңтарынан “Қазақстан әйелдері” болып шығады. Негізгі тақырыптары: отбасы берекесі мен тұрмыс мәдениетінің өзекті мәселелері, ұрпақ тәрбиесі. Таралымы – 40 мың дана (2003). “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1976).

Тарихы

Теңдік – Қазақ өлкелік партия комитеті жанындағы әйелдер бөлімінің газеті. Қызылорда қ-нда 1925 ж. мамыр – шілдеде 7 саны жарық көрді. 1926 ж. қаңтардан ай сайын шығатын Әйел теңдігі журналына айналды.

“Әйел теңдігі” — қазақ әйелдеріне арналған қоғамдық-саяси журнал. Ол бастапқы кезде, 1925 жылы. 5 мамырда өлкелік партия комитетінің жанындағы әйелдер бөлімінің газеті ретінде “Теңдік” деген атпен Орынбор қаласында шыққан. Редакторы — Соня Есова. Журналды шығару жұмысына Ш.Қожахметов, Р. Сүгіров, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов белсене қатысқан. Кей нөмірлеріне (мысалы, 1925 жылы N3) редактор ретінде Бейімбет Майлин қол қойған. Кейіннен журналға Нұржамал Сәнәлиева (1932 — 1934), Н. Арықова (1934 — 1935) басшылық етті. Мақсаты — Қазақстан автономиялы республикасы ОАК-нің 1920 жылы қабылдаған қалың малға, әмеңгерлікке, көп әйел алушылыққа тиым салу туралы декретін бұқараға түсіндіру, әйелдердің қоғамдық өмірге араласуын насихаттау болды. 7 нөмірі жарық көрген соң, 1926 жылы шілде айынан “Теңдік” газеті журналға айналып, “Әйел теңдігі” аталды. Журналдың партия тіршілігі, әдебиет, кітап сыны, өнер-білім үйрену, заң, сұрақ-жауаптар, тілшілер, т.б. бөлімдері болды.

Жоғары