| Әлмира Тұрсын | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 21 қыркүйек 1990 (36 жас) |
| Туған жері | Алматы |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр |
| Белсенді жылдары | 2017-2019 жж. |
| Балалары | Бір ұлы бар. |
Әлмира Тұрсын (21 қыркүйек 1990, Алматы) — қазақ актрисасы, сценарист және әйелдер коуч- профориентаторы. Ол 2019 жылы «Томирис» фильмінде басты рөл ойнап, дебют жасады.
Өмірбаяны
Әлмира Тұрсынбаева (Тұрсын) 1990 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы қаласында туған. Ата-анасы ажырасқаннан кейін 15 жасқа дейін анасымен өсті, кейін әке орнын басқан өгей әкесі пайда болды. Орта мектепті бітірген соң Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- да оқыды, кейін ММУ-да «Бизнес әкімшілігі» мамандығы бойынша білім алды. Орталық Азия бизнес әйелдері конгрессінің ұйымдастыру комитетінің директоры болды және қазір әйелдерге мамандық таңдауда көмектесетін коуч.
Мансап жолы
Әлмира кинода Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасында Томирис патшайым рөлін ойнап, алғаш рет экранға шықты (2019). Оған дейін бірнеше рет сериалдар мен рөлдерге шақырғанмен бас тартқан. Сондай-ақ «Голиаф» (2022) фильмінде ойнады. Ол әлеуметтік желілерде танымал, кітап фестивальдерінде Томирис туралы үзінді оқып, қазақстандықтарға кеңес берген.
Жеке өмірі
Әлмираның бойы 1,80 м. Ол Нұр-Сұлтанда (қазіргі Астана) тұрады, бір баласы бар (ажырасқан). Ол қазақ тілін үйреніп, теннис жобаларына қатысқан, харассмент мәселелерін талқылаған.
- 21 қыркүйекте туғандар
- 1990 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алматыда туғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- Қазақстан актерлері
- Қазақстан актрисалары