Әріпбай Әлібайұлы Әлібаев (12.1. 1926 жылы туған, Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылы) — қоғам және мемлекет қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылыми кандидаты (1968).
Ұлы жүздің Албан тайпасының Бозым руынан шыққан.
1951 жылы Алматы зоотехнологиялық-малдәрігерлік институтын бітірген соң, Алматы, Талдықорған облысының шаруашылықтарында, партия және кеңес ұйымдарында әр түрлі жауапты қызметгер атқарған. 1962-64 жылдары Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің, 1964- 67 жылдары Павлодар облысы партия комитетінің 2-хатшысы, 1967-72 жылдары Павлодар облысы атқарушы комитетінің төра- ғасы, 1972-78 жылдары Талдықорған облысы партия комитетінің 1-хатшысы. 1978-85 жылдары Қазақ КСР Ет және сүт өнеркөсібі министрі болды. 1986 жылы дербес зейнеткерлік демалысқа шығып, Қазақтың шабындық-жайылым институтын басқарды. Алыбаевтың Қазақстанда ауыл шаруашылығы салаларын дамыту мәселелеріне арналған бірнеше моноғрафиясы, сондай-ақ "Замана толқындары" (1999) атты естелігі мен жыр жинағы жарық көрген. Ленин, Халықтар достығы, 4 мәрте Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.