Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Әскери топография (грек. topos — жергілікті жер, grapho — жазамын) — жергілікті жер ерекшеліктерін зерттейтін және оны бағдарлайтын ғылым. Ол әскердің соғыс қим

Әскери топография

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Солтүстік Кавказдың топографиялық картасы.

Әскери топография (грек. topos — жергілікті жер, grapho — жазамын) — жергілікті жер ерекшеліктерін зерттейтін және оны бағдарлайтын ғылым. Ол әскердің соғыс қимылдарын дала жағдайында дұрыс бағдарлау, командирдің жұмыс картасын дұрыс жүргізу және графикалық әскери құжаттар жасау үшін қажетті арнайы әскери ғылыми-топографиялық элементтерді, жергілікті объектілерді, олардың жағдайын, координаталарын, өлшемін және бақылауға қажетті көп санды және сапалы белгілерді қарастырады. Жергілікті жерлердің бүркеме және корғаныс ерекшеліктері туралы негізгі деректі ақпарат топографиялык және әр түрлі арнайы карталар, оған қоса жергілікті жер ерекшеліктері түсірілген фотоқұжаттар болып табылады. Әскери топография топогеодезиялық қамтамасыз ету тактикасымен, теәриясымен, практикасымен тығыз байланысты. Әскери топография дайындық пән ретінде әскери оқу орындары мен қарулы күштердің бөлімдері мен бөлімшелерінің оқу бағдарламаларына енгізілген. Оны әскери қызметкерлердің барлық нысандары оқиды.

Жоғары