Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Өрмек тоқу – алаша, қап, басқұр, бау және шекпен тоқу үшін екі басы қазыққа керіліп, желісі жер бетімен түзу тартылған, иірілген жіп керілген құрылғы. Ол қайық,

Өрмек тоқу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Өрмек тоқуалаша, қап, басқұр, бау және шекпен тоқу үшін екі басы қазыққа керіліп, желісі жер бетімен түзу тартылған, иірілген жіп керілген құрылғы. Ол қайық, серу жіп, қылыш, адарғы, мосы ағаштың көмегімен күзу (күзеу), арқау жіптер арқылы ерсі (ерсі жіп) тоқылады. Тақталы алаша, терме алаша, басқұр әр түрлі боялған түрлі-түсті жіптен, ал шекпен тайлақ жүнінен арнайы оң, теріс иірілген жіптен тоқылады. Өрмекке арналған жіптің аралары ұзындығы 15 – 25 см, 15 – 20 см етіп үш қазыққа іліп, айналдыра төгіп шығады. Содан соң төгілген жіп күзеуге байланады да, одан кейін жіп қазықтар арасына төгіледі. Соңынан өрмектің екі басы керіліп байланады, ал күзу жіп мосы ағашпен керіледі. Сонда ғана өрмек тоқуға даяр болады.

Жоғары