Ілия Жақанұлы Жақанов (6 мамыр 1936, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай ауылы) — қазақ жазушысы, композиторы, музыкатанушысы, публицист, Қазақстанның Еңбек Ері (2022), Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1998), Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1994).
1936 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. С. М. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Жақанов ҚазССР Министрлер Кеңесінің теледидар мен радио жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, Қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор болып қызмет атқарды. Қазіргі кезде еркін шығармашылықпен айналысуда. I. Жақановтың әндері жастар арасында жақсы танымал. Ол "Алматы кешінде", "Асылым", "Жайлаукөл кештері" және т. б. әндердің авторы "Екі жирен", "Бірінші концерт" әңгімелер жинағының, "Аққулар қонған айдын көл", "Ықылас" романының музыка және музыканттар туралы зерттеулердің авторы.
Өмірбаяны
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген (1959).
- 1959-1963 жылдары “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі,
- 1963-1984 жылдары Қазақстан теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитетінде редактор, аға редактор, Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарған.
Кітаптары
1. Әнші бұлбұл кітабы, 2007 ж, 74 бет
- “Қайта оралған ән” (1968),
- “Хош бол, вальс” (1969) кітаптары.
- Қазақтың ұлы күйшісі, қобызшы Ықылас туралы романы “Кертологоо” (1989) деген атпен алғаш қырғыз тілінде, кейін қазақ тілінде “Ықылас” (1990) деген атпен жарық көрді.
Қазақ өнері қайраткерлерінің өмірін зерттеу негізінде:
- “Екі жирен” (1976),
- “Бірінші концерт” (1971),
- “Махаббат вальсі” (1983),
- “Аққулар қонған айдын көл” (1988) атты деректі жинақтары, сондай-ақ,
- “Қарабура” (1997) тарихи-танымдық шығармасы жарық көрген.
Әндері
Жақанов:
- “Әселім әнім”,
- “Даниярдың әні”,
- “Еділ мен Жайық”, т.б. халық арасында кең таралған әндердің авторы.
Аудармалары
- Қырғыз жазушысы Т.Қасымбековтің “Сынған қылыш” тарихи дилогиясын қазақ тіліне аударған (1981).
Зерттеулері
- “Біржан сал”
- “Ақан сері”
- “Үкілі Ыбырай”
- “Естай әнші”
- “Жаяу Мұса”
- “Мәди”
- “Майра”
- “Балуан Шолақ”, т.б. сал-серілер ғұмырнамалар.
Қазақстан композиторлары
- М.Төлебаев
- Латиф Хамиди
- С.Мұхамеджанов
- Қ.Мусин
- Б.Байқадамовтардың шығармашыдық портреттерін сомдаған шығармалары
Сценарийлері
- “Шоқан және музыка”
- “Жамбыл және музыка”
- “Сәкен және музыка” атты деректі фильмдері бар.
Жетістіктері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1990),
- Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1994),
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).
- Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлық лауреаты (1997).
- Қазақстанның Еңбек Ері (2022)
- 6 мамырда туғандар
- 1936 жылы туғандар
- Сарысу ауданында туғандар
- Қазақстан жазушылары
- КСРО жазушылары
- XX ғасыр жазушылары
- XXI ғасыр жазушылары
- Қазақстан сазгерлері
- КСРО сазгерлері
- XX ғасыр сазгерлері
- XXI ғасыр сазгерлері
- Қазақстан өнертанушылары
- КСРО өнертанушылары
- XX ғасыр өнертанушылары
- XXI ғасыр өнертанушылары
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері
- Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Қазақ радиосы редакторлары
- Ұлан газеті қызметкерлері
- Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың иегерлері
- Атырау облысының құрметті азаматтары
- Қазақстанның Еңбек Ерлері