Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Абай
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

аудан орталығы

Облысы

Қарағанды

Ауданы

Абай

Әкімі

Оспанов Сәбит Тимишевич

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°38′ с. е. 72°51′ ш. б. / 49.633° с. е. 72.850° ш. б. / 49.633; 72.850 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°38′ с. е. 72°51′ ш. б. / 49.633° с. е. 72.850° ш. б. / 49.633; 72.850 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1949

Бұрынғы атаулары

Шерубайнұра

Қала статусы

1961

Жер аумағы

200 км²

Орталығының биiктігі

504 м

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

28 560 адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 +7 72131

Пошта индексі

100101

Автомобиль коды

09

abay-akimat-karaganda.kz
 (қаз.) (орыс.)

Абай картадаБайқоңырБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көлі
Абай картада
Абай
Абай
Абай картада
Абай
Абай
 Басқа мағыналар үшін Абай деген бетті қараңыз.

АбайҚарағанды облысындағы қала, Абай ауданының орталығы (1997 жылдан).

Тарихы

Тəуілсіздікке 10 жыл көшесі.

Қала негізі Қарағанды көмір алабының батыс телімдерінің игерілуіне байланысты 1949 жылы Шерубайнұра кенті ретінде қаланған. 1961 жылы қалаға айналған.

Халқы

Саны (2009, 2021)
200920212021 2009-ға пайызбенЕрлер 2009Ерлер 20212021 2009-ға пайызбенӘйелдер 2009Әйелдер 20212021 2009-ға пайызбен
2555028602111,91202913883115,41352114719108,9

Экономикасы

Абай көшесі

Біздің мемлекетімізде болған қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістер қаланың өміріне де өз әсерін тигізді. Нарыққа өтер тұста бүкіл еліміздегі тәрізді Абай ауданы да қиындықты бастан кешті. Ауданның көлемі қазір 653 мың гектар. Халық санағының мәліметіне сәйкес ауданда 57,3 мың адам тұрады, оның 28,3 мыңы қалалықтар, 29 мыңы ауылдықтар. Нарықтың қиын кезінде көптеген мекемелер мен кәсіпорындар жабылды. Бұрынғы 4 шахтадан біреуі ғана қалды. Басқадай кәсіпорындар мен құрылыс-монтаж ұйымдарының өнімдеріне сұраныс болмай қалды.

Орталық алаң

Оның есесіне ауданда шағын және орта бизнес жақсы дамып келеді. Қазір мұнда ірі бизнестің жеті, орта бизнестің 36, шағын бизнестің 127-і кәсіпорны жұмыс жасайды. Бұлардың ішінде ырғақты жұмыс істеп жатқан «Қазақмыс» корпорациясының «Абай жылу жүйесі» ЖШС, Оңтүстік Топар кен басқармасы, жоғары коксты көмірді байытатын «Восточная» байыту фабрикасы, «Тексти-Лайн» ЖШС-ін айтуға болады. Жеке меншік кәсіпорындардың ішінде «Эдельвейс» өндірістік кооперативі, агроөндірістік ұн комбинаты, «Медео» ЖШС-ларын ерекше атап өткен жөн.

Инфрақұрылым

Орталық алаң. Кеншілер Мəдениет үйі.

Ауданда қазір 39 мектеп бар. Абай спорт мектебінің спортшылары республикалық қана емес, әлемдік жарыстарда жүлде алып жүр. 1980 жылы ұйымдастырылған Абай Құнанбаевтың мұражайы қаланың мақтанышы ғана емес, мәдени-рухани орталықтың бірі болып отыр. Денсаулық сақтау саласына да ерекше көңіл бөлініп келеді. Ауданда 3 емхана, 2 аурухана, 11 селолық фельдшерлік амбулатория, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 дәріхана, 2 туберкулезге қарсы диспансер халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді.


1966 ж. құрылған Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған мектебі бокстан Еуропа чемпионы С. Нұрқазовты, халықаралық спорт шеберлері Б. Аманбаев, Д. Мұңайтпасов, Әлем чемпионы С. Сәпиевті даярлады. Мұнда Абай Құнанбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Қапаның орталық бөлігінде Абай ескерткіші орнатылған. Қарағанды—Жезқазған—Қызылорда автомобиль жолы, Қарабас кентінің жанынан Жартас су құбыры өтеді. Ең жақын Қарабас темір жол стансасы 7 км жерде.

Тағы қараңыз

  • Абай (шахта)
html error wiki