Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

[[Келімберді]]"},"Қызмет еткен жылдары":{"wt":""},"Құрамында болды":{"wt":""},"Әскер түрі":{"wt":""},"Атағы":{"wt":""},"Басқарды":{"wt":""},"Шайқасы":{"wt":""}}

Адай ата

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Адай (айрық) деген бетті қараңыз.

Адай ата
Лауазымы
Адай хандығы
1435  1449
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 15 ғасыр
Әкесі Елтай
Анасы Қанбибі
Жұбайы Жанар
Балалары Құдайке
Келімберді

Адай ата — қазақ халқының қалыптасуында көрнекті рөл атқарған тарихи тұлға. Шежіре бойынша сегіз арыс адай елі осы Адай атадан тарайды.

Өмірбаяны

Адай бабаның тарих аясына шығуы 15-ші ғасырдың орта тұсы. Ол кенже немересі Мұңалдың қолында бақилық болған. Адайлардың Мұңалды қарашаңырақ иесі, киелі босаға, құт-береке дарыған «Мұңал ошақ» деп ерекше атайтыны да осыдан. «Мұңал ошағы» Қазығұрт тауының оңтүстігінде, білетіндер оны қасиетті қараорын деп кие тұтады.

Адайлардың ең көп тараған іргелі аталарының бірі – Қосай. Қосай ата Қарақалпақстанда, Нүкістің шығысы Назархан-Бестөбе қауымына жерленген. Жазушы Әбіш Кекілбайұлы Адайдың 1435–1449 жылдары 14 жыл хандық құрғанын жазады. Бұл тарихи деректі И.Трофимов пен Әнес Сарай нақтылай түседі.

Отбасы

Адай бабаның жұбайы Жанар – Қарақалпақ Жантаза байдың қызы деп айтылады. Құдайке мен Келімберді осы Жанардан туады. Адай тегі туралы деректемелерде шежірешілердің қай-қайсысы да Адайдың әкесі Елтай, шешесі Қанбибі екенін мойындайды.

Естелік

2007 жылы тарихи тұлға, рулы елдің атасы саналатын Адай атаға үлкен ас беріліп, ескерткіш орнатылды.

Әдебиеттер

  • Құлбайұлы Ы., Алтынды орда қонған жер, Ақтөбе, 1994;
  • Маданов Х., Кіші жүздің шежіресі, А., 1994;
  • Маңғыстау. Энциклопедия, А., 1997;
  • Әбішұлы С., Өмір өрнектері, А., 2002.
Жоғары