Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Әнес Төлендіұлы Сарай (1937 жылы 21 қарашада Ресей Астрахан облысы Володар ауданы Құрмалай селосында туған) — қазақ жазушысы, драматург, журналист. Қазақстанның

Әнес Сарай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Әнес Төлендіұлы Сарай
Туған күні

21 қараша 1937 (1937-11-21)

Туған жері

Володар ауданы (Астрахан облысы)

Қайтыс болған күні

2 ақпан 2021 (2021-02-02)(83 жас)

Азаматтығы

 Қазақстан

Ұлты

қазақ

Мансабы

жазушы, драматург, журналист

Жанры

проза, тарихи жанр

Шығармалардың тілі

қазақ тілі, орыс тілі

Марапаттары
Барыс ордені
Барыс ордені
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сыйлықтары

Әнес Төлендіұлы Сарай (1937 жылы 21 қарашада Ресей Астрахан облысы Володар ауданы Құрмалай селосында туған) — қазақ жазушысы, драматург, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). Барыс және Парасат ордендерінің иегері атанған.

Толығырақ

  • Әнес Төлендіұлы 1937 жылы 21 қарашада Ресей Астрахан облысы Володар ауданы Құрмалай селосында дүниеге келген. Байұлы тайпасы Адай руынан шыққан.
  • 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.
  • Балық аулау кәсіпшілігінде жұмыс істеген. Кеңес Армиясы қатарында болған.
  • 1964 - 1965 жылдары «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде әдеби қызметкер, Балқаш қалалық телевизиясында аға редактор (1966)
  • 1967 - 1971 жылдары «Жас Алаш» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі, бөлім меңгерушісі болды.
  • 1971 - 1982 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, бөлім меңгерушісі
  • 1982 - 1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші
  • 1978 - 1997 жылдары «Жазушы» баспасында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор боп істеді.
  • 1998 жылдан шығармашылық жұмыста.
  • Қазақстан Ұлттық пантеонында жерленген.

Шығармашылығы

  • «Мүнарлар шақырады» деген атпен алғашқы әңгімелер жинағы 1969 жылы жарық көрді. 1989 жылы орыс тілінде «Қараша айы келгенде» кітабы шықты. «Қу тазша», «Ару Алматы», «Мұқым менің», «Аңсау», «Тымырсық» пьесаларының авторы. «Біз — жастармыз», «Атаман Анненковтың күйреуі» фильм-дерінің сценарийлерін жазған. «Еділ-Жайық» романы үшін 1992 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болған.
  • Мұнаралар шақы-рады. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1969; Қараша өткен соң. А., «Жазушы», 1971; Боз қырау. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1973; Тосқауыл. Роман. А., «Жазушы», 1976; Алтын арал. Роман. А., «Жазушы», 1984; Ақ тымық күн. Роман. А., «Жазушы», 1989; Асылдық сын ығы. Роман. А., «Жазушы», 1996; Исатай - Махамбет тарихы, А., 1997; Адайлардың арғы тарихы. Роман. А., 1998.

Марапаттары

  • 1992 — «Еділ-Жайық» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
  • 2002 — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (құрметті атағы)
  • 2012 — ҚР Президентінің жарлығымен Парасат орденімен марапатталды
  • 2017 — ҚР тұңғыш президентінің қолынан ІІІ дәрежелі Барыс орденімен марапатталды (Астана Ақорда 13 желтоқсан 2017 жыл).
  • ҚР көптеген мерекелік медалдармен және ҚР Президентінің жеке алғыс хаттарымен де марапатталған.
Жоғары