“Ай” - тоқсан сайын шығатын көркем-публицистикалық журнал. Таралымы 500 дана. Мәдениет, психология жайлы материалдар, естеліктер, өлеңдер жариялайды. Негізін калаушы Фариза Оңғарсынова. Бас редактор М. Қожахметова.. Ай — жасөспірімдерге арналған әдеби-көркем журнал. Құрылтайшысы — Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі.1994 жылы “Ақ желкен” журналының қосымшасы ретінде орыс тілінде, Алматыда жарық көрді. Тоқсан сайын шығады. Көлемі — 8 бет. Тұңғыш бас редакторы Фариза Оңғарсынова болған. Журналда жасөспірімдерге арналған тарихи, ғылым-танымдық және тәрбиелік мәні мол материалдар, сондай-ақ талапкер мектеп оқушыларының әдеби шығармалары жарияланды.
- Қазақстан журналдары
- 1994 жыл