Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

44°36′01″ с. е. 80°19′22″ ш. б. / 44.60028° с. е. 80.32278° ш. б. / 44.60028; 80.32278 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°36′01″ с. е. 80°19′22″ ш. б. / 44.60028° с. е

Мұзтау жотасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұзтау жотасы

Мұзтау жотасының шыңы.
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Жетісу (Жоңғар) Алатауы

Пайда болған кезеңі

Палеозой дəуірі

Биіктігі

4370 м

Орналасуы

44°36′01″ с. е. 80°19′22″ ш. б. / 44.60028° с. е. 80.32278° ш. б. / 44.60028; 80.32278 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°36′01″ с. е. 80°19′22″ ш. б. / 44.60028° с. е. 80.32278° ш. б. / 44.60028; 80.32278 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Жетісу облысы, Панфилов ауданы

Мұзтау жотасы (Қазақстан)
Мұзтау жотасы (Қазақстан)
Мұзтау жотасы

Мұзтау жотасыЖетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстігіндегі жоталар тобының ең биік сілемі.

Жер бедері

Абсолюттiк биіктігі 4370 м. Батысында Тышқантаумен, оңтүстігінде Шақпақтас тауымен, шығысында Қытаймен мемлекеттік шекара өтетін Желдіарық өзенімен шектелген. 3700 м-ден жоғарғы бөлігін мұз басқан, одан бірнеше өзендер басталады. Тау бөктерлері тік, мұз бен су эрозиясына күшті ұшыраған. Палеозой дəуірінің герциндік тау жасалу кезеңінде пайда болған.

Климаты, өсімідік пен жануарлар дүниесі

Климаты биік таулық, орташа температурасы қаңтарда -12-16°С, шілдеде 4-8°С, жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм шамасында. Топырақ жабындысы күлгін түсті жəне қара қоңыр. Бұталар мен қайыңдар аралас таудың альпілік шалғыны өседі. Шығыс бөктерінде, əсіресе, шатқалдардың солтүстік беткейінде тау орманы өседі. Жан-жануарлардан күзен, арқар, тау-теке; құстардан ұлар, т.б. кездеседі. Маңайындағы альпілік жəне субальпілік шалғындар жайылым ретінде пайдаланылады.

Жоғары