Алатау (2024 жылға дейін — Жетіген) — Алматы облысындағы облыстық маңызы бар қала, темір жол стансасы.
| Қала | |
| Алатау | |
![]() | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Облысы | |
| Әкімі | Әркен Хамитұлы Өтенов |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 43°40′47″ с. е. 77°06′43″ ш. б. / 43.67972° с. е. 77.11194° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°40′47″ с. е. 77°06′43″ ш. б. / 43.67972° с. е. 77.11194° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1873 |
| Бұрынғы атаулары | Көтентай, Николаевка, Жетіген |
| Қала статусы | 2024 |
| Жер аумағы | 880 км² |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▲52762 адам (2024) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 05 |
| Алатау қаласының әкімдігі | |
Алатау шекарасы | |
Географиялық орны
Облыс орталығы - Қонаев қаласынан оңтүстікке қарай 38 км, Алматы қаласынан солтүстікке қарай 54 км-дей жерде, Кіші Алматы өзенінің оң жағалауындағы әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен, сұр, бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 13103 | ▲15616 | ▲20418 | 130,8 | 7740 | ▲10259 | 132,5 | 7876 | ▲10159 | 129 |
Тарихы
Іргесі 1959 жылы “Рассвет” сүт өндіру кеңшарының құрылуына байланысты қаланды. 1997 жылдан оның негізінде өндірістік кооператив, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
2024 жылғы 9 қаңтардағы Президент Жарлығымен Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, Алатау қаласы болып өзгертілді.
Инфрақұрылымы
2 орта, бір орталау мектеп, клуб, кинотеатр, кітапхана, стадион, мешіт, аурухана, дәріхана, т. б. әлеуметтік инфрақұрылымдар бар. Ауылдың солтүстігінде Жетіген әуеайлағы орналасқан. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль және темір жолдары арқылы қатынасады.



