| Алтай рауғашы | ||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
| Rheum altaicum Losinsk., 1936 |
Алтай рауғашы (лат. Rheum altaicum) – тарандар тұқымдасы, рауғаш туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Алтай, Тарбағатай, Сауыр тауларының қиыршықтасты жағаларында, бұталар арасында, шалғынды жерлерде өседі. Биікт. 1 м-дей, тамыры жуан, сабағы тік тілімденіп келген. Жапырақтары үшбұрышты, бүтін жиекті, тамыр маңындағы жапырақтары өте ірі болады. Ұсақ сары түсті гүлдері тығыз жіңішке келген гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – домалақ, қара түсті жаңғақ. А. р. – тағамдық, дәрілік өсімдік. Таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
- Таран тұқымдасы
- Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер