Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8

Қос жарнақтылар

  • Басты бет
  • Қос жарнақтылар

Қос жарнақтылар, магнолиопсидтер (Magnolіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі.


Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8 класс тармағы, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190 мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2, кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3 – 4 жарнақтылары да кездеседі. Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы жүйкеленген. Жүйкеленуі ашық тұйықталмаған; айқын сағақты. Сабақтың өткізгіш жүйесі бір шеңберлі камбийлі (өсу клеткаларының жұқа қабаты) өткізгіш шоқтардан тұрады. Флоэмасында (органикалық затты өткізетін күрделі ұлпа) әдетте паренхима бар. Сабақтың қабығы мен өзегі өте айқын ажыратылады. Алғашқы (ұрықтық) тамырша негізгі тамырға айналады. Тамырдың оймақшасы мен эпидермасының онтогенездік жеке дамуы бірдей. Көпшілігінде гүлдері 5 немесе 4 мүшелі, кейбір алғашқы қарапайым таксондарда 3 мүшелі. Тозаң түйіршіктерінің сыртқы қабығының түсі алуан түрлі.

Тағы қараңыз

  • Гүлді өсімдіктер
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 12, 2026

    Фотосинтез

  • Сәуір 03, 2026

    Құнанбай Өскенбайұлы

  • Сәуір 04, 2026

    Экономикалық дағдарыс

  • Наурыз 21, 2026

    Дамушы елдер

  • Сәуір 05, 2026

    Арғаспан денелері

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары