Аманжол Әлжанов (1902, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Елтай ауылы - 1981, Павлодар қаласы) - ақын.
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.
"Жер бөлісі", "Конфиске", "Байдың келініне", "Екпінді мен жалкаудың айтысы" деген өлеңдерінің авторы. 2-дүниежүзілік соғысы жылдары Жезқазғанда жұмысшы болған. Көркемөнерпаздар үйірмесіне басшылық еткен, патриоттық өлең жырлар шығарып айтты. Соғыстан кейінгі жылдары ақындар айтысына қатысты. Бекболат Меркемелиденовпен (1958), Таубай Қирабаевпен (1961), Боламан Қожабаевпен (1962), Желеу Жақыповпен (1965), Темірболат Байділдинмен (1966) айтысты. "Құдіретті елім бар", "Елу жылда ел жаңа", "Ұлы жеңіс", "Сәкеңді еске алу", "Әл-Фараби жерінде", "Сабан той" т.б. өлең-жырлары "тың өлкесі", "қызыл ту" газеттерінде жарияланды.
- Қазақстан әдебиеті