Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

51°47′51″ с. е. 74°10′33″ ш. б. / 51.79750° с. е. 74.17583° ш. б. / 51.79750; 74.17583 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°47′51″ с. е. 74°10′33″ ш. б. / 51.79750° с. е

Ерейментау ауданы

  • Басты бет
  • Ерейментау ауданы

Ерейментау ауданы – Ақмола облысының шығысындағы әкімшілік бөлініс.

Қазақстан ауданы
Ерейментау ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Ерейментау

Ауылдық округтер саны

13

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

31

Қала саны

1

Әкімі

Нұрлан Зияйденұлы Мұқатов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ерейментау қаласы, Абай көшесі, №121

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°47′51″ с. е. 74°10′33″ ш. б. / 51.79750° с. е. 74.17583° ш. б. / 51.79750; 74.17583 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°47′51″ с. е. 74°10′33″ ш. б. / 51.79750° с. е. 74.17583° ш. б. / 51.79750; 74.17583 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

17,5 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

26 187 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (67,62%), орыстар (22,38%), украиндар (3,28%), немістер (2,78%), татарлар (1,67%), беларустар (0,72%), басқалары (1,55%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

020800-020810

Автомобиль коды

03

Ерейментау ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Ерейментау ауданы

Облыс картасындағы Ерейментау ауданы

Мазмұны

Тарихы

Аудан Ақмола округінің құрамында Еркіншілік атауымен (орталығы Торғай қонысы) 1928 жылы қыркүйек айында құрылған еді. Ауданның құрамына Ақмола уезінің Еркіншілік және бұрынғы Ермен болысының бөліктері кірді. 1930 жылы таратылғаннан кейін Ақмола округінің аудандары мемлекеттік органдарға бағынышты болған және 1932 жылы жаңадан құрылған орталығы Петропавл қаласындағы Қарағанды облысының құрамына енген еді. 1935 жылдың қаңтар айында аудан орталығы Благодатный ауылына ауыстырылды. 1939 жылы қазан айында аудан Ақмола облысының құрамына берілді.

1948 жылының көктемінде Ерейментау тауының етегінде Ерейментау кенті салынды.

1954 жылдың 11 қыркүйегінде аудан орталығы Благодатный ауылынан Ерейментау кентіне ауыстырылды.

1963 жылдың 2 қаңтарында бұл аудан Ерментау ауданы деп аталды.

Ерментау ауданы 1997 жылының 14 қарашадағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ерейментау ауданы деген атауға ие болды.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 16158 ▲44731 ▲62309 ▼43245 ▲45161 ▼42246 ▼31303 ▼26710

Әкімшілік бөлінісі

Аудан жеріндегі 32 елді мекен 3 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 10 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақмырза ауылдық округі 813 ▼669 82,3 415 ▼356 85,8 398 ▼313 78,6
Ақсуат ауылдық әкімдігі 702 ▼561 79,9 351 ▼285 81,2 351 ▼276 78,6
Бестоғай ауылдық округі 911 ▼482 52,9 467 ▼257 55 444 ▼225 50,7
Бозтал ауылдық округі 810 ▼608 75,1 422 ▼327 77,5 388 ▼281 72,4
Ерейментау қалалық әкімдігі 12518 ▲12652 101,1 6054 ▲6136 101,4 6464 ▲6516 100,8
Еркіншілік ауылдық округі 4060 ▼2994 73,7 2069 ▼1548 74,8 1991 ▼1446 72,6
Күншалған ауылдық округі 1150 ▼624 54,3 607 ▼329 54,2 543 ▼295 54,3
Қойтас ауылдық округі 470 ▼337 71,7 243 ▼186 76,5 227 ▼151 66,5
Майлан ауылдық әкімдігі 1826 ▼1423 77,9 917 ▼726 79,2 909 ▼697 76,7
Олжабай батыр ауылдық округі 1600 ▼1234 77,1 821 ▼607 73,9 779 ▼627 80,5
Өлеңті ауылдық округі 1321 ▼988 74,8 676 ▼500 74 645 ▼488 75,7
Сілеті ауылдық әкімдігі 998 ▼820 82,2 491 ▼467 95,1 507 ▼353 69,6
Тайбай ауылдық округі 2180 ▼1785 81,9 1125 ▼920 81,8 1055 ▼865 82
Торғай ауылдық округі 1944 ▼1533 78,9 982 ▼794 80,9 962 ▼739 76,8
ЖАЛПЫ САНЫ 31303 ▼26710 85,3 15640 ▼13438 85,9 15663 ▼13272 84,7

Географиялық орны, жер бедері

Аудан батысында Біржан сал, Ақкөл, Шортанды, Целиноград аудандарымен және Степногорск қаласымен, солтүстігінде СҚО-ның Уәлиханов ауданымен, шығысында Павлодар облысының Ақтоғай ауданымен және Екібастұз қаласымен, оңтүстігінде Аршалы және Қарағанды облысының Осакаров ауданымен шектеседі.

Ерейментау ауданы Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы дала белдемінде, Сілеті, Өлеңті өзендерінің алабында орналасқан. Солтүстік жер бедерінің биіктігі 300 м аспайтын белесті жазық. Оңтүстікке қарай күмбезді, үшкілді төбелер мен жондардан тұратын денудациялық ұсақ шоқылар, оңтүстігі делювийлі-пролювийлі аккумуляттық жазықпен және бойлық бағытта созылған Ерейментау тауымен алмасады. Ауданның жер қойнауында алтын, сүрме, тас көмір, боксит, тұз, әктас, гранит, қиыршықтас, құм кен орындары барланған.

Климаты

Климаты тым континенттік, қысы суық қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –16 – 18°С, шілдеде 20 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Сілетінің басты салалары – Ащылыайрық (сол), Ақмырза, Кедей, Шилі (оң) және Өлеңті өзендері ағып өтеді. Көлдерінің ірілері: Теңіз, Шолақсор, Жақсытұз, Тамсор, Қарасор, Үлкен және Кіші Шарықты, Көбейтұз, Қоржынкөл (тұщы), Қабыланкөл, Бозайғыр, Әжібай, т.б. Өзен мен көлдер жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Жер асты сулары 30 – 50 м (оңт-нде 100 метрге дейін) тереңдікте кездеседі. Ерейментау бөктерінде суы тұщы әрі мол бұлақтар көп.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Аудан жерінің солтүстік бөлігі сортаңды күңгірт қызыл қоңыр топырақты, оңтүстігі қызыл қоңыр топырақты. Таулы өңірінде қара топырақ, өзен, көл жайылмаларында шалғындық сортаң топырақ қалыптасқан. Даласында бетеге, селеу, қылқан селеу, жусан, шығысында түрлі бұта, сұлыбас, қылқан селеу өседі. Ерейментаудың баурайы мен шатқалдарында қайың, көктерек, тал, қараған, тобылғы, түрлі шөп, сұлыбас, қызғылт селеу, өзен аңғарларында түрлі шөп, астық тұқымдас шалғын өседі. Тауда арқар, елік кездеседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақ қоян, борсық, суыр, сарышұнақ, ақ қалақ, ақкіс; құстардан қаз, үйрек, тырна, құр, бүркіт, дала қыраны, қаршыға, бөктергі, т.б. мекендейді. Ауданда Ерейментау қорықшасы орналасқан.

Ірі елді мекендері: Торғай, Майлан, Бестөбе, Павловка, Сілеті. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 1676,4 мың га, оның ішінде егістік 115,6 мың га, шабындық 23,1 мың га, жайылым 1402,3 мың га, орман 17,5 мың га-ны құрайды. Бестөбе, Ешкіөлмес алтын кендерінен алтын өндіріледі. Аудан жері арқылы Астана – Ерейментау – Павлодар, Ерейментау – Айсары темір жол, Астана – Ерейментау – Павлодар, Ерейментау – Бестөбе автомобиль жолдары өтеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Италиян тілі

  • Сәуір 02, 2026

    Музыкалық жанр

  • Наурыз 22, 2026

    Жер бедері

  • Сәуір 05, 2026

    Мұхтар Әуезов

  • Наурыз 24, 2026

    Әл-Хорезми

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары