Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Андаман аралдары — Бенгал шығанағы мен Андаман теңізі арасында жатқан Үнді мұхитындағы аралдар тізбегі. Үндістанның иелігінде. Аралдардың жалпы Аумағы 6,5 мың к

Андаман аралдары

  • Басты бет
  • Андаман аралдары

Андаман аралдары — Бенгал шығанағы мен Андаман теңізі арасында жатқан Үнді мұхитындағы аралдар тізбегі. Үндістанның иелігінде. Аралдардың жалпы Аумағы 6,5 мың км². А. а. түбек тәрізді су асты жоталарының биік шоқылары іспетті. Аралдардың айналасын маржан рифтері қоршаған. Жер үсті бедері жанартаулар әрекетінен тілімденген. Оның ең биік жері — Саул-Пик шоқысы (732 м). Жоталардың шығыс беткейлерінің етегі тымық қойнауларға (бухтаға) айналған. Климаты тропиктік муссондық. Қаңтар айының орташа температурасы 40С-ға дейін төмендейді, жазда (шілдеде) ол 260С-ға дейін жоғарылайды. Ауа өте ылғалды, жауын-шашынның орташа мөлш. 2000 мм. Аралдардың көпшілігін тропикті ормандар алып жатыр.

Андаман аралдары
ағылш. Andaman Islands
Андаман аралдарының орналасуы
Андаман аралдарының орналасуы
Сипаттамасы
Аралдар саны204
Ірі аралыОрташа Андаман
Жалпы ауданы6408 км²
Ең биік нүктесі738 м
Тұрғындар (2011 жыл)343 125 адам
Халық тығыздығы53,546 адам/км²
Орналасуы
12°30′ с. е. 92°45′ ш. б. / 12.500° с. е. 92.750° ш. б. / 12.500; 92.750 (G) (O) (Я)Координаттар: 12°30′ с. е. 92°45′ ш. б. / 12.500° с. е. 92.750° ш. б. / 12.500; 92.750 (G) (O) (Я) (T)
Ел Үндістан
АймақАндаман және Никобар аралдары
Андаман аралдары (Үндістан)
Андаман аралдары
Андаман аралдары Ортаққорда
Андаман және Никобар аралдарының толық картасы
Андаман аралдары
Жергілікті андаман халықтарының салыстырмалы қоныстану картасы ерте 18 ғ.дан бүгінге дейін

Жергілікті халықтар ішінде Жарауа мен Сентинелдіктер кіреді. Кей аралдарына баруға болады, бірақ басқаларына, мысалы Солтүстік Сентинел аралына, заң бойынша баруға рұқсат жоқ. Осылайша мемлекет олардың жеке өмірін қорғауда.

15 ғасырдың басында Парижде шығарылған «ғажайыптар кітабында» бейнеленген Бенгалдың шығанағындағы Андаман аралдарын қоныстанған қасқыр-басты адамдар.

Демографиясы

2011 жылға сәйкес Андаман халық саны 343,125 болып, 1960 жылға қарағанда 50,000-нан өскен. Халқының басым бөлігінің шығу тегі — отарлау дәуірінің иммигранттары, көпшілігі бенгалдықтар, үндістер мен тамилдерден тараған.

  1. Andaman & Nicobar. A&N Administration. Тексерілді, 13 ақпан 2017.
  2. Andaman & Nicobar Islands. india.gov.in. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 маусым 2010. Тексерілді, 3 шілде 2010.
  3. Andaman & Nicobar Islands at a glance. Andamandt.nic.in. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 желтоқсан 2011. Тексерілді, 14 мамыр 2010.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Селенга (өзен)

  • Сәуір 05, 2026

    Бурабай ауданы

  • Наурыз 10, 2026

    Сөз табы

  • Сәуір 06, 2026

    Кванттық физика

  • Сәуір 08, 2026

    Ш. Уәлиханов

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары