Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Кемпірбай Бөгенбайұлы (1834-1895), ақын, әнші. Арғын тайпасы Қаракесек руы Таз Наманай бөлімінен шыққан.

Кемпірбай Бөгенбайұлы

  • Басты бет
  • Кемпірбай Бөгенбайұлы

Кемпірбай Бөгенбайұлы (1834-1895), ақын, әнші. Арғын тайпасы Қаракесек руы Таз Наманай бөлімінен шыққан.

Шөже, Тезекбай, Әсет, Жәмшібай сынды ақындармен айтысқан. Бұл айтыстар халық арасына кең тараған. Кемпірбайдің шығармалары «Таң» журналында (Семей, 1925, № 1), «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (А., 1931), айтыс жинақтарында (1939, 1948, 1965, 1988), «Бес ғасыр жырлайды» кітабында (1985, 1989) жарияланды. Әсет ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда келіп, өлеңмен көңілін сұрағаны, оған Кемпірбайдын қайтарған жауабы - көркемдік жағынан қазақ айтысының інжу-маржаны. Әсет қоштасу өлеңіне таңдау жасағанда, осыған баса назар аударған («Әдебиет тарихы», А., 1991). «Өлерде өлеңмен, әнмен қоштасу - көбінесе ақындардың әдеті» - Кемпірбайдың өлерде айтқан сөзі сондайлық көңіліне тығылып жүрген сырды ашады» деп, ұлы жазушы ол сырдың қандай сыр екеніне тоқтапған. Кемпірбайды бес жасынан бастап ақындықтың иесі ― Дәуіт пайғамбар иектеп, ақындық өнерді дарытқан екен. Өлеңнің көкала үйрек секілді бөлек жаны, бөлек денесі бар. Сол сый енді ақынның кеудесінен ұшқалы жатыр. Арманы ― осы қадірлі сыйдың ұрпағына қонбай, мұның әулетінен біржола жоғалып кетуі. Жалғыз арман, мұң ― осы. Сөйтіп ұрпақ өнерсіз қалмақ. «Міне, коштаскан жерде жүректегі сыр мен кеңіңде кетіп бара жатқан арманды айтқан жері» деп, зерттеуші қоштасу өлеңіне ғылыми сипаттама берген.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Триас кезеңі

  • Сәуір 04, 2026

    Үшінші рейх

  • Сәуір 08, 2026

    Лепсі (өзен)

  • Сәуір 02, 2026

    Түркі тілдері

  • Сәуір 06, 2026

    Ташауыз облысы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары