Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Астана әкімі — Астана қаласы атқарушы билігінің жоғары органын басқаратын жоғары лауазымды тұлға. Лауазым Қазақстан елордасының 1997 жылы Алматыдан Астанаға көш

Астана әкімі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Астана әкімі

Астана елтаңбасы

Лауазымды иеленуші
Жеңіс Қасымбек
8 желтоқсан 2022 жылдан бері
Тағайындайды

Қазақстан президенті

Лауазым пайда болды

10 желтоқсан 1997 жыл

Алғашқысы

Аманжол Бөлекпаев

Астана әкімі — Астана қаласы атқарушы билігінің жоғары органын басқаратын жоғары лауазымды тұлға. Лауазым Қазақстан елордасының 1997 жылы Алматыдан Астанаға көшірілген салысымен құрылған. Оның қазіргі иесі — Жеңіс Қасымбек.

Тарихы

1992 жылғы 6 шілдеде Целиноград қаласына оның "Ақмола" тарихи атауы қайта берілді. Сол жылы қала басшысы болып Аманжол Қуанышұлы Бөлекпаев тағайындалған еді және оның көшбасшылығы тұсында лауазым атауы Ақмола қалалық әкімшілігінің басшысы атауынан Ақмола қаласының әкімі атауына көшті. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан елордасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылғы 6 мамырда президент Назарбаевтың жарлығымен қала атауы Астана етіп ауыстырылды және қала басшысының лауазымы сәйкесінше Астана әкімі болды.

Билікке жаңа келгенде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы атауының Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне Нұр-Сұлтан болып аталғанын ұсынды.Парламент кейін бұл шешімді қолдады да, қала атауы өзгертілді және қала басшысының лауазымы сәйкесінше Нұр-Сұлтан әкімі болды. 2022 жылғы 17 қыркүйекте қалаға "Астана" атауы қайтарылды да, қала әкімдігінің басшысы қайта Астана әкімі болды.

Әкімдер тізімі

Реті Суреті Аты-жөні
(өмір сүрген жылдары)
Қызметі Руы Дереккөз
Ақмола қалалық әкімшілігінің басшысы
Ақмола қаласының әкімі
1 Аманжол Қуанышұлы Бөлекпаев
(1941 туған)
1992 1997 Қыпшақ, Күрлеуіт
2 Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков
(1954 туған)
желтоқсан
1997
6 мамыр
1998
Қыпшақ, Қарабалық
Астана қаласының әкімі
2 Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков
(1954 туған)
6 мамыр
1998
16 маусым
2003
Қыпшақ, Қарабалық
3 Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов
(1949–2021)
маусым
2003
наурыз
2004
4 Өмірзақ Естайұлы Шөкеев
(1964 туған)
наурыз
2004
20 қыркүйек
2006
Дулат, Сиқым
5 Асқар Ұзақбайұлы Мамин
(1965 туған)
21 қыркүйек
2006
4 сәуір
2008
Арғын, Қанжығалы
6 Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов
(1956 туған)
4 сәуір
2008
21 қазан
2014
Байұлы, Жаппас
7 Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков
(1954 туған)
22 қазан
2014
маусым
2016
Қыпшақ, Қарабалық
8 Әсет Өрентайұлы Исекешев
(1971 туған)
21 маусым
2016
қыркүйек
2018
Арғын, Қаракесек
9 Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов
(1971 туған)
11 қыркүйек
2018
20 наурыз
2019
Шапырашты
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
9 Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов
(1971 туған)
20 наурыз
2019
13 маусым
2019
Шапырашты
10 Алтай Сейдірұлы Көлгінов
(1978 туған)
13 маусым
2019
17 қыркүйек
2022
Сіргелі, Жайдақ
Астана қаласының әкімі
10 Алтай Сейдірұлы Көлгінов
(1978 туған)
17 қыркүйек
2022
8 желтоқсан
2022
Сіргелі, Жайдақ
11 Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек
(1975 туған)
8 желтоқсан
2022
Арғын, Қаракесек, Шұбыртпалы
Жоғары