| Астрид Линдгрен | |
| швед. Astrid Lindgren | |
| |
| Туған кездегі есімі | Астрид Анна Эмилия Линдгрен |
|---|---|
| Туған күні | 14 қараша 1907 |
| Туған жері | Виммербю, Швеция |
| Қайтыс болған күні | 28 қаңтар 2002 (94 жас) |
| Қайтыс болған жері | Стокгольм, Швеция |
| Азаматтығы |
|
| Мансабы | жазушы |
| Шығармашылық жылдары | 1944-1993 |
| Жанры | балалар әдебиеті, ертегі |
| Шығармалардың тілі | |
| astridlindgren.com | |
Ортаққордағы санаты: Астрид Линдгрен | |
Астрид Анна Эмилия Линдгрен (швед. Astrid Anna Emilia Lindgren, 14 қараша 1907 жыл, Виммербю, Швеция – 28 қаңтар 2002 жыл, Стокгольм, Швеция) – швед жазушысы. Балаларға арналған дүниежүзілік атақты кітаптардың авторы, оның ішінде «Шатырда тұратын Карлсон» және «Ұзын шұлық Пеппи туралы» тетралогиясы бар. Лилианна Лунгинаның орыс тіліне аударған кітаптары аса танымал болды. Оның шығармалары балаларға деген сүйіспеншіліктен туды. 1958 жылы оған балалар әдебиетіндегі Нобель сыйлығы ретінде қарастырылатын Ханс Кристиан Андерсен атындағы сыйлық табысталды.
1969 жылы Швед мемлекеттік сыйлығының иегері атанады. Стокгольмде оған арнап ескерткіш орнатылған.
Марапаттары
- 1958 — Ханс Кристиан Андерсен сыйлығы
- 1969 — Швед мемлекеттік сыйлығы
- 1989 — Альберт Швейцердің медалі
- 1994 — Right Livelihood Award (Өнегелі өмір салты сыйлығы)
- 1995 — Швецияныӊ Иллис Кворум алтын медалі
| ||||||||||||||||||||||
- 14 қарашада туғандар
- 1907 жылы туғандар
- 28 қаңтарда қайтыс болғандар
- 2002 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Швеция жазушылары
