| Астық қоңызы | ||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
|
Астық қоңызы (лат. Anisoplia austriaca) – қатты қанаттылар сабының тақтамұрттылар тұқымдасына жататын қоңыз. Астық қоңызы астық тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Қазақстанда кең тараған. Көбінесе далалы, орманды-далалы аймақтарда көптеп кездеседі. Дернәсілдері топырақта тіршілік етіп бидайдың, т.б. өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Әсіресе оның балапан құрты астық дақылдарының көгін қиып тастайды. Дернәсілдері 2 жыл қатарынан қыстап, мамыр айында топырақ бетіне шығады. Ұшып шығысымен бидай, сұлы, арпа сияқты дақылдардың дәнімен қоректенеді, ұрғашылары 10 – 50 данаға дейін жұмыртқа салады. Егістікке инсектицид шашу, аңызды терең жырту арқылы Астық қоңызының залалын азайтуға болады.
Сілтемелер
- Қатты қанаттылар
