| Асфандияр хан | ||
| Лауазымы | ||
|---|---|---|
| ||
| 1910 — 1918 | ||
| Ізашары | II Мұхаммед Рахым хан | |
| Ізбасары | Сейіт Абдулла хан | |
| Өмірбаяны | ||
| Дүниеге келуі | 1871 Хиуа | |
| Қайтыс болуы | 1918 Хиуа | |
| Әкесі | II Мұхаммед Рахым хан | |
| өңдеу | ||
Асфандияр хан (1871–1918) — 1910–1918 жылдары билік құрған Хиуа ханы, Хиуа хандығының өзбек қоңыраттар әулетінен шыққан он екінші билеушісі.
Өмірбаяны
1910 жылы әкесі — II Мұхаммед Рахым хан қайтыс болғаннан кейін, Хорезмде билікке Асфандияр хан келді. Оның билігі кезінде мемлекетте ағартушы уәзір — премьер-министр Ислам қожа үлкен рөл атқарды. Оның қаражатына Хиуада мақта тазалау зауыты, аурухана, дәріхана, пошта, телеграф және зайырлы мектеп салынды. Кейіннен, 1913 жылы Ислам қожа өлтірілді.
Император II Николай Асфандияр ханды Әулие Станислав және Әулие Анна ордендерімен марапаттады. 1910 жылы Асфандияр ханға Ресей империясының генерал-майоры шені берілді. 1911 жылы «Оның Мәртебесі» свитасына қабылданды. 1913 жылы император II Николайдан «Жоғары мәртебелі» (Высочество) лауазымын алды.
Ресейдегі Ақпан төңкерісі Хиуа хандығына да өз әсерін тигізді. 1917 жылғы 5 сәуірде жас хиуалықтар Асфандияр ханға реформалар жүргізу туралы талап қойды. Хан құрамына жас хиуалықтар да кіретін өкілетті орган — мәжіліс құруға уәде берген манифесті жариялауға мәжбүр болды. Осылайша ханның билігі шектелді. Мәжіліс төрағасы болып жас хиуалықтардың өкілі Бобоахун Салимов сайланды. Алайда кейіннен жағдай шиеленісіп, реакцияшыл күштер басымдыққа ие болды. Нәтижесінде жас хиуалықтар үкіметі құлатылып, манифестте көрсетілген реформалардың күші жойылды. Осы уақытта Хиуаға түрікмен тайпасының көсемі Жұнайыд хан оралып, хандықтың қарулы күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды және көп ұзамай бүкіл билікті өз қолына шоғырландырды.
Мәдениет саласындағы саясаты

Асфандияр ханның билігі кезінде Хиуада жаңа медреселер мен мешіттер салынды. 1912 жылы Асфандияр ханның қабылдау бөлмесі (арнайы ғимараты) тұрғызылды. Бұл Нұроллабай сарайы кешеніндегі жеке корпус болатын. Онда пішіні әртүрлі бірнеше салтанатты залдар, соның ішінде орыс модерні стилінде безендірілген тақ залы орналасты. Хан Асфандияр бұл сарайды безендіруге қажетті көптеген элементтерді Петербургтегі Императорлық фарфор зауытына тапсырыс беріп жасатқан.
Фотограф әрі алғашқы өзбек кинорежиссері Хұдайберген Диванов 1910 жылы Асфандияр ханның мұрагерімен бірге пәуескемен (фаэтон) шығуы туралы алғашқы өзбек деректі киносюжетін түсірді.
Асфандияр хан Бұхара әмірі Сейіт Мир Әлім ханмен бірге 1913 жылғы 22 ақпанда Санкт-Петербургтегі алғашқы соборлы мешіттің ашылуына қатысты.
Қайтыс болуы
1910 жылы Асфандияр хан Нұроллабай сарайында мемлекеттік төңкеріс кезінде Жұнайыд ханның адамдарының қолынан қаза тапты. Таққа оның ағасы Сейіт Абдулла хан (ресми түрде 1918–1920 жылдары билік етті) отырғызылды. Алайда нақты билік Жұнайыд ханның қолында болды.
Марапаттары
- I дәрежелі Әулие Станислав ордені (1896);
- «Император II Николайдың тәж кию рәсімінен естелік» медалі (1896);
- Оның Императорлық Мәртебесі II Николайдың бриллиантты вензелі (1896);
- Бриллианттармен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна ордені (1900);
- Ақ Бүркіт ордені (1911).
Галерея
Асфандияр ханның портреті
Асфандияр хан Петербургте
С.М. Прокудин-Горский, 1911 жылғы 26–30 мамыр
Әдебиет
- Гуломов Х.Г. Дипломатические отношения государств Средней Азии с Россией в XVIII — первой половине XIX века. — Ташкент, 2005.
- Гулямов Я.Г. История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. — Ташкент, 1957.
- История Узбекистана. Т. 3. — Ташкент, 1993.
- История Узбекистана в источниках. Составитель Б.В. Лунин. — Ташкент, 1990.
- История Хорезма. Под редакцией И.М. Муминова. — Ташкент, 1976.
- 1871 жылы туғандар
- 1918 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- XX ғасыр саясаткерлері
- I дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері
- 1 дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері
- Қоңырат әулеті
- Хиуада таққа отырғандар
- Ақ қыран орденінің (Ресей империясы) иегерлері
- Хорезм хандары
- XX ғасырда өлтірілген монархтар
- Тақтан тайдырылған монархтар
- ХХ ғасыр билеушілері