| Атаманның ақыры | |
| Конец атамана | |
| |
| Жанры | шытырман оқиғалы фильм |
|---|---|
| Режиссёрі | Шәкен Айманов |
| Сценарийдің авторы | Эдуард Тропинин, Андрей Кончаловский |
| Басты рөлдерде | Асанәлі Әшімов |
| Операторы | Асхат Ашрапов |
| Сазгері | Еркеғали Рахмадиев |
| Кинокомпания | Қазақфильм |
| Ұзақтығы | 146 мин. |
| Мемлекет |
|
| Тілі | орыс |
| Шыққан жылы | 1970 |
| Келесі фильм | Транссібір экспресі |
| IMDb | |

«Атаманның ақыры» — толық метражды, екі бөлімнен құралған кеңестік көркем фильм. 1970 жылы Қазақфильм студиясы шығарған.
"Атаманның ақыры" - детектив жанрында түсірілген екі сериялы тұңғыш қазақ фильмі. Фильмнің негізгі тақырыбы - отаншылдық.
Сюжеті
1920–1921 жылдардағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр аймағындағы тарихи оқиғалар жайлы баяндалады. Атаман Дутов бастаған ақ гвардияшылардың әркеттері сипатталған. Ақ гвардияшы атаман Дутовтың бандасын жою туралы операция дайындалады. Оны орындау чекист Шадияровқа жүктелді. Ол атаманның штабына еніп, әбден оның сеніміне кіріп алып, өз өмірін қатерге тіге жүре берілген тапсырманы орындап шығады.
Рөлдерде
- Қасымхан Шадияров — Асанәлі Әшімов
- Николай Суворов — Виктор Авдюшко
- Юхан — Геннадий Юдин
- Нестеров — Юрий Саранцев
- Ахмед — Құрбан Абдрасулов
- Петр Кривенко — Владимир Гусев
- Александр Дутов — Владислав Стржельчик
- Ионның әкесі — Борис Иванов
- Абылайханов — Нұрмұхан Жантөрин
- Салтанат — Алтынай Елеуова
Марапаттары
1972 ж. осы фильм үшін Михалков-Кончаловскийге, Тропининге және Әшімовке Қазақстан мемлекеттік сыйлығы берілді.
- Алфавит бойынша фильмдер
- 1970 жылғы фильмдер
- 1970 жылғы Қазақстан фильмдері
- КСРО шытырман оқиғалы фильмдері
- Қазақфильм фильмдері
- Шәкен Айманов фильмдері