| Ащыкөл ойысы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық | 25 км |
| Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық | 80 км |
| Өзендер | Сарысу, Шу |
| Көлдер | Ақжайқын, Ащыкөл |
| Орналасуы | |
| 45°12′22″ с. е. 67°21′09″ ш. б. / 45.206086° с. е. 67.352432° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°12′22″ с. е. 67°21′09″ ш. б. / 45.206086° с. е. 67.352432° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақтар | Қызылорда облысы, Түркістан облысы |
| Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). | |
Ащыкөл ойысы – Қызылорда және Түркістан облыстары аумағында, Сарысу, Шу өзендерінің төменгі ағысында жатқан ойыс.
Жер бедері
Ойыс Бетпақдаланың жазықты оңтүстік-батыс бөлігінде ендік бағытта 80 км-ге созылып жатыр. Енді жері 25 км-дей. Өзендердің құмтасты-сазды және құмды аллювийлі шөгінділерінен түзілген. Ойыстың орта тұсында Ақжайқын және Ащыкөл көлдері орналасқан.
Климаты
Климаты континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –11°С, шілдеде 27°С, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 мм.
Өсімдігі
Сор, сортаң және шалғынды сортаң топырағында қамыс, айрауық, ажырық, боз жусан, теріскен және баялыш өседі.
Санаттар:
- Алфавит бойынша ойпаттар
- Қазақстан ойпаттары
- Қызылорда облысы географиясы
- Түркістан облысы географиясы
