Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Атаудың Сарысу аталуы "оның суының молдығы мен ұзақ жерге ағуына байланысты" болса керек. Топонимдер құрамындағы сары сөзі негізгі ("түр", "түс" мағынасынан бөл

Сарысу (өзен)

  • Басты бет
  • Сарысу (өзен)

Сарысу – Телікөл алабындағы өзен.

Сарысу
Сарысу өзені
Сарысу өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 800 км
Су алабының
ауданы
81 600 км²
Су ағысы
Бастауы Жақсы Сарысу, Нарбақ, Шотан өзендерінің қосылуынан
 • Координаттары 48°47′38″ с. е. 72°01′57″ ш. б. / 48.79389° с. е. 72.03250° ш. б. / 48.79389; 72.03250 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Телікөл
 • Координаттары 45°10′20″ с. е. 66°44′02″ ш. б. / 45.17222° с. е. 66.73389° ш. б. / 45.17222; 66.73389 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°10′20″ с. е. 66°44′02″ ш. б. / 45.17222° с. е. 66.73389° ш. б. / 45.17222; 66.73389 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Ұлытау облысы, Қызылорда облысы

Мазмұны

Сөз төркіні

Атаудың Сарысу аталуы "оның суының молдығы мен ұзақ жерге ағуына байланысты" болса керек. Топонимдер құрамындағы сары сөзі негізгі ("түр", "түс" мағынасынан бөлек) "үлкен, ірі, зор" мәнінде қолданылатыны белгілі. Осыған ден қойсақ, Сарысу "үлкен, ірі өзен" деген мағынаға сай келеді.

Географиялық орны

Қарағанды, Қызылорда облыстары жерімен ағады. Ұзындығы 800 км. Су жиналатын алабы 81,6 — 99,1 мың км².

Бастауы

Сарыарқадағы Бұғылы тауының етегінен басталатын Жақсы Сарысу, Байназар мен Жақсы Тағылы таулары маңынан басталатын Жаман Сарысу өзені қосылысынан пайда болатын Сарысу Сыр өңіріндегі Телікөлге құяды.

Гидрологиясы

Қуаң жылдары Телікөл-Ащыкөл ойысына жетпей құмға сіңіп кетеді. Салалары: Жаман Сарысу, Жақсы Сарысу, Атасу, Талдысай, Құрманақа, Талдыманақа, Құмдыеспе, Қаракеңгір. Сарысудың орташа жылдық су ағымы 7,5 м3/с, сағасында 0,10 м3/с. Ағысының жылдамдылығы 0,6 — 0,8 м/с. Негізінен қар суымен толығады, сондықтан да жылдық су ағынының 96,6%-ы сәуір — мамыр айларында, 3,1%-ы күзде, 0,3%-ы қыста өтеді. Сәуірдің аяғында, мамырдың алғашқы онкүндігінде қатты тасиды. Суы бастауында тұщы, орта және төм. ағыстарында тұздылау келеді. Өзен желтоқсанда қатып, наурыздың аяғында мұзы түседі. Арнасының ені бастауында 15 — 20 м, орта бөлігінде 40 — 60 м, саға жағында 150 — 200 м-ге дейін кеңейеді; бас жағында тар болып келетін аңғары төм. ағысында 10 км-ге дейін ұлғаяды. Көне арнасының түбі және жағалауы құмды және құмды-малтатасты шөгінді жыныстардан түзілген. Мұндағы ашық қызыл қоңыр топырақта жусанды-бетегелі-шытырлы өсімдікті шөлейт ландшафтысы қалыптасқан, сағалық бөлігінде шөлдік ландшафт басым. Көктемгі Сырдария суының біраз бөлігі Телікөл каналы арқылы Сарысу сағасына қосылады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Һұд пайғамбар

  • Сәуір 06, 2026

    Бейімбет Майлин

  • Наурыз 27, 2026

    Берел қорымы

  • Сәуір 05, 2026

    Қазмедиа орталығы

  • Наурыз 13, 2026

    Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары