Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ағылшынша Уикипедия (ағылш. English Wikipedia) — Уикипедияның ағылшын тіліндегі бөлімі. 2001 жылдың 15 қаңтарында ашылған. Бұл ең алғашқы (екінші 2001 жылы 17 н

Ағылшын Уикипедиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Ағылшынша Уикипедия
English Wikipedia
URL

en.wikipedia.org

Коммерциялық

Жоқ

Сайттың түрі

Желілік энциклопедия

Тіркелу

Міндетті емес

Тілі

ағылшынша

Иемденуші

Уикимедиа қоры

Ашылған уақыты

15 қаңтар 2001 жылы

Мақалалар саны

7 196 000

Беттер саны

65 790 529

Өңдеулер саны

1 354 783 155

Тіркелген қатысушылар
саны

53 289 379

Белсенді қатысушылар
саны

271 357

Администраторлар саны

814

Тереңдігі

1365.3

Мақала саны бойынша орны

1

Ағылшынша (қызыл) және 10 ірі тіл бөлімдерінің (көк) барлық мақала саны бойынша Уикипедиядағы үлесі. 2008 жылдың шілдесіндегі көрсеткіш бойынша Уикипедияның 23%-дан кем емес мақала ағылшынша Уикипедияның үлесінде

Ағылшынша Уикипедия (ағылш. English Wikipedia) — Уикипедияның ағылшын тіліндегі бөлімі. 2001 жылдың 15 қаңтарында ашылған. Бұл ең алғашқы (екінші 2001 жылы 17 науырызда немісше Уикипедиясы ашылды) және Уикипедияның ең үлкен бөлімі — 2026 маусымның 16 күніне сәйкес 7 196 000 мақала жазылған, екінші ірі Уикипедия бөлімі — немісше Уикипедиясында3 129 649 мақала жазылған.

2012 жылдың қаңтарында Ағылшынша Уикипедияның мақалаларының ақпараттық барлық көлемі шамамен 9.7 гигабайтты құрады.

2011 жылы 24 қарашада Ағылшынша Уикипедия 500 млн өңдемелік межені бағындырды. 2012 жылы 13 шілдеде бөлім 4 миллион мақалалық мәрені жеңді.

Қазіргі уақытта Уикипедияның барлық мақалаларының 10,6 %-ін ағылшынша Уикипедия иемденеді. Жыл сайын бөлімнің үлесі едәуір азайып келеді: 2003 жылы — тең жартысы; 2005 жылы — үштен бірі; 2007 жылы — төрттен бір бөлігін құрады. Ағылшынша Уикипедия 2009 жылғы жағдаймен Уикипедияның барлық тіл бөлімдерінің арасында беттерінің қаралу саны бойынша шамамен тең жартысына жуығын иеленді.

Ұлттық стилистикалық қайшылық

Ағылшынша Уикипедияда біраз уақыт ағылшын тілінің аумақтық нұсқалары арасында (мысалы, британдық, америкалық, канадалық, австралиялық) талас болды. Ағылшын Уикипедиясының тәжірибесінде әрбір мақала кез келген нұсқада жазылуға болатын болды, тағы да «стиль нұсқамасы бойынша» әрқайсысы бір нұсқада жазу ұсынылды, сонымен бірге мақалалардың аймақтық нұсқалары да қолданылды.

Encyclopædia Britannica энциклопедиясының пайдаланылуы

Ағылшынша Уикипедия Уикипедияның басқа тіл бөлімдерінің арасында алдына шығуы Encyclopædia Britannica 11-шығарылымының мақалаларын тікелей пайдалану мүмкіндігіне байланысты оқиға болды. Бұл энциклопедияның мазмұны қоғамдық игілікте болып табылады. (қараңыз.: en:Encyclopædia Britannica Eleventh Edition#1911 Britannica in the 21st century).

Статистикалық өсуі

Елдер бойынша өңдеулер (11.2011 – 10.2012) дерекнама
АҚШ
 
40.5%
Ұлыбритания
 
16.7%
Канада
 
6.0%
Үндістан
 
4.7%
Австралия
 
4.1%
Германия
 
2.0%
Филиппиндер
 
1.4%
Нидерланд
 
1.2%
Италия
 
1.0%
Жаңа Зеландия
 
1.0%
Басқалары
 
21.4%
  • 2004 жылы 20 сәуірде — 250 мың мақала
  • 2004 жылы 7 шілдеде — 300 мың мақала
  • 2004 жылы 20 қарашада — 400 мың мақала
  • 2005 жылы 6 ақпанда — 10 млн өңдеме
  • 2005 жылы 18 наурызда — 500 мың мақала
  • 2005 жылы 29 қыркүйекте — 750 мың мақала
  • 2006 жылы 1 наурызда — 1 млн мақала
  • 2006 жылы 24 қарашада — 1,5 млн мақала
  • 2007 жылы 11 ақпанда — 100 млн өңдеме
  • 2007 жылы 9 қыркүйекте — 2 млн мақала
  • 2008 жылы 12 тамызда — 2,5 млн мақала
  • 2009 жылы 17 тамызда — 3 млн мақала
  • 2010 жылы 12 желтоқсанда — 3,5 млн мақала
  • 2011 жылы 24 қарашада — 500 млн өңдеме
  • 2012 жылы 13 шілдеде — 4 млн мақала
  • 2014 жылы 25 сәуірде — 4,5 млн мақала
  • 2015 жылы 11 қаңтарда — 5 млн мақала
  • 2017 жылы қазан айында — 5,5 млн мақала
  • 2020 жылы 23 қаңтарда — 6 млн мақала
  • 2021 жылы 13 қаңтарда — 1 млрд өңдеме
  • 2025 жылы 28 мамырда — 7 млн мақала

Статистика

2026 жылдың маусымның 16 күніне сәйкес ағылшынша Уикипедияда 7 196 000 мақала бар. 53 289 379 қатысушы тіркелген, олардың 271 357 соңғы 30 күнде әлдебір іс-әрекет жасаған, ал 814 қатысушы админ дәрежесіне ие. Жалпы өңдеу саны - 1 354 783 155.

Жоғары