Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

49°58′50″ с. е. 77°17′00″ ш. б. / 49.98056° с. е. 77.28333° ш. б. / 49.98056; 77.28333 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°58′50″ с. е. 77°17′00″ ш. б. / 49.98056° с. е

Мыржық жотасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мыржық жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Сарыарқа

Ұзындығы

60 км

Ені

20-25 км

Биіктігі

970 м

Орналасуы

49°58′50″ с. е. 77°17′00″ ш. б. / 49.98056° с. е. 77.28333° ш. б. / 49.98056; 77.28333 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°58′50″ с. е. 77°17′00″ ш. б. / 49.98056° с. е. 77.28333° ш. б. / 49.98056; 77.28333 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы және Абай облысы Жаңасемей ауданы

Мыржық жотасы (Қарағанды облысы)
Мыржық жотасы
Мыржық жотасы (Абай облысы)
Мыржық жотасы

Мыржық – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі жота.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы және Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан.

Жер бедері

Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге созылып жатыр, енді жері 20 – 25 км. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Беткейлері, өзен аңғарлары, сай-жыралармен тілімденген, толып жатқан жартасты қырқалар мен шоқылардан тұрады. Олардың арасындағы ең биігі – Егібай тауы (абс. биікт. 970 м). Оңтүстігінен Сарыөзеннің жоғарғы сол салалары, солтүстігінен Жіңішкебұлақ, т.б. өзендер бастау алады.

Геологиялық құрылымы

Протерозой мен ордовиктің метаморфтанған шөгінділерінен, магмалық жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі

Таулық қоңыр топырағында бетеге, қылқан селеу, сұлыбас, бөрте жусан, суық жусан, өзен аңғарларында түрлі бұта, әр түрлі шөпті, бидайықты шалғын өседі, шатқалдарында қайың,тал, итмұрын, арша кездеседі.

Жоғары