Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ақсу (орыс. Беловодье) — орыс халық риуаяттарындағы аңызға айналған бостандық елі. Ежелгі славян ұжмағы - иреймен жиі байланыстырады. Дәл осыдан орыс ертегілері

Ақсу (аңыз)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ақсу (орыс. Беловодье) — орыс халық риуаяттарындағы аңызға айналған бостандық елі. Ежелгі славян ұжмағы - иреймен жиі байланыстырады. Дәл осыдан орыс ертегілері мен аңыздарында аспаннан аққан Сүт (Сүт тектес) өзенінің бейнесі бастау алады. (Көне грек Эриданын көпшілік Сүт өзенінің аналогы деп санайды) Ақсу бейнесін, сонымен қатар, көрінбейтін Китеж қаласының бейнесімен ішінара шырмалған.

Аңыздың шығу тегі

Н. К. Рерих «Ол жақтан». 1936. Суретте «Ақсулық әйел» бейнеленген

Ресми тарихнама аңыздың пайда болуын XVIII ғасырдың аяғына жатқызады және оның таралуын ескі сенушілер қауымының бірі - қашқындарының қызметімен байланыстырады. Ол кезде Ақсу жолын шифрланған астарлы түрде сипаттайтын көптеген «нұсқаулықтар» болған.

XVIII-XIX ғасырларда Ақсу өзінің нақтылы түрде іске асуын ескі сенушілердің арасынан тапты. Алтайдағы Бұқтырма мен Қатын өзендерінің аңғарларын Ақсу деп атай алатын, мұнда үкіметтік міндеттерден қашқан әр түрлі адамдар өз еріктерімен қоныстанып, бұқтырмалық тасшылар этнографиялық тобын құрды, Ұрынқай өлкесіне барар жолдағы Ұса алқабы. Ескі сенушілердің кейбір топтары Ақсуды іздеп, ары қарай Қытай территориясына тереңдей еніп, тіпті Солтүстік және Оңтүстік Америкаға барды .

Әдебиет

Тағы қараңыз

  • Батыс Сібірдегі ескі наным-сенім
  • Шамбала
  • Шангри-Ла
  • Агарти
  • Тасшылар
  • Инглиизм
Жоғары