Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Алексей Иванович Тевкелев(1674 – 1766) – тілмаш, елші. Христиан дінін қабылдағанға дейінгі аты-жөні – Құтлұғмұхаммед Мамашев.

Тевкелев Алексей Иванович

  • Басты бет
  • Тевкелев Алексей Иванович

Алексей Иванович Тевкелев(1674 – 1766) – тілмаш, елші. Христиан дінін қабылдағанға дейінгі аты-жөні – Құтлұғмұхаммед Мамашев.

Өмірбаяны

  • 1711 жылы Петр I-нің Прут жорығына қатысып, онда тілмаштық қызмет атқарған.
  • 1716 жылы А.Бекович-Черкасскийдің Хиуа мен Бұхарға жасаған экспедициясына қатысқан. 1719 жылы Сыртқы істер коллегиясына тілмаш болып қызметке орналасты.
  • 1720 жылы Аюке ханның қарамағына қалмақ тілін үйренуге жіберіледі.
  • 1722 – 1723 жылы парсы жорығына Петр I-нің құпия істер жөніндегі аға тілмашы ретінде қатысты.
  • 1730 жылы Әбілқайырдың Санкт-Петербургке келген елшілерін қабылдаушылардың қатарында болды және осы елшілікке жауап ретінде патша өкіметінің Кіші жүзге жіберген елшілігін басқарды.
  • Кейіннен И.К. Кирилловтың Орынбор экспедициясына
  • 1735 – 1736 жылы башқұрт көтерілісін басуға қатысты. Тевкелев басқарған жазалаушы отрядтар 50 деревняны өртеп, 2 мыңдай адамды өлтірді.
  • 1742 жылы бригадалық генерал атағын алды.
  • 1743 жылы Тевкелевтің тікелей қатысуымен Орынбор қаласы мен оның төңірегіндегі бірнеше қамалдың негізі қаланды.
  • 1743 – 1749 жылы патша өкіметі оны Әбілқайыр басқарған Кіші жүз билеушілері мен Орынбор әкімшілігі арасындағы жанжалды реттеуге пайдаланды.
  • 1751 – 1759 жылы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің көмекшісі болып, патша өкіметі жүргізген отаршылдық саясаттың сойылын соқты.
  • 1755 – 1756 жылы кезекті башқұрт көтерілісін басу кезінде қазақ даласына қашып кеткен башқұрттарды кері қайтару ісіне араласты.
  • 1760 жылы қызметтен біржола босап, демалысқа шықты. Тевкелевтің елшілік қызметі барысында жүргізген мың беттен астам “Күнделігінде” қазақтардың қоғамдық-саяси, мәдени өмірі жайында және ру-тайпалық құрамы туралы көптеген мәліметтер қамтылған.

Тағы қараңыз

  • Тевкелев елшілігі
  • Тевкелев комиссиясы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 02, 2026

    Омыртқасыз жануарлар

  • Сәуір 08, 2026

    Әскери Комиссариат

  • Наурыз 11, 2026

    Орта жүз

  • Сәуір 10, 2026

    Дина Кенжеқызы Нұрпейісова

  • Сәуір 05, 2026

    Мәдениет (айрық)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары