Ақшатау болысы (1878 жылдың 1 қаңтарына дейін Керней болысы) — Семей облысы Қарқаралы уезіндегі қазақ болысы.
| Ақшатау болысы | |
| Ақшатау болысы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | Семей облысы, Қарқаралы уезі |
| Енеді | 8 ауыл 1893 жылы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 1869 |
| Таратылған уақыты | 1923 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 4914 адам (1893) |
| Ұлттық құрамы | Арғын тайпасының Қаракесек бұтағының Керней руы |
| facebook.com/groups/181289985910904/ | |
Тарихы
1869 жылы Кәрсөн-Керней болысының Керней және Кәрсөн болыстары деп екіге бөлу кезінде пайда болды.. 1923 жылдың қазан айында ЦИК КазАССРының 1923 жылдың 5 шілдесіндегі қаулысы бойынша Нұра, Тоқырауын, Шұлым болыстарымен Кедей болысына біріктірілді.
Халқы
Керней руы — Қазақ халқының Орта жүзінің Арғын тайпасының Қаракесек бұтағынан тарайтын ру.
Қаракесек — Ақша — Бошан — Машай — Бораншы — Тілеулі — Керней. Кернейден 4 ата тарйды: Балапан, Шаң, Дау (Балта, Түйте), Самырза.
Халқы Қаракесек руына кіретін Керней руынан құралды. 1884 жылдағы Керней бөлімшелерілері бойынша киіз үй саны:
- Шаң 350
- Балапан 226
- Балта 300
- Түйте 350
- Барлығы 1226
Шежіресі
| «Родоводта» бұл тұлғаға қатысты шежіре бар: Ақшатау болысы (Семей облысы) |
| Шежіре (қаз.) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қодан | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қарақожа | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Мейрам | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қаракесек | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бошан | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Машай | Таз | Жанту | Байбөрі | Манат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бораншы | Бәйімбет | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сұраулы | Тілеулі | Қояншы | Таңай | Дәулет | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Кәрсөн | Керней | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Дау | Шаң | Балапан | Самырза | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қалқаман | Балта | Түйте | Ес | Жар | Сүйіндік | Қуандық | Маматай | Есей | Бөгілі | Тұрнияз | Сақұлы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Территория
Территориясы Қарқаралы уезінің оңтүстігінде, ал қазіргі Шет ауданының оңтүстінде орналасқан.
Әкімшілік бөлінісі
8 Әкімшілік ауылдарға бөлінді:
| Әкімшілік ауылдың атауы (старшындық) | кибитка саны (киіз үй) (1887) | кибитка саны (киіз үй) (1905) Щербина, МПЗК | Қожалық ауылдар саны | рудың бөлімшелері |
|---|---|---|---|---|
| 1 | 185 | 201 | 55 | Жарылғап |
| 2 | 100 | 123 | 47 | Құтымбет |
| 3 | 204 | 143 | 25 | Жарылғап |
| 4 | 102 | 139 | 38 | Қуандық, Сүйіндік |
| 5 | 152 | 106 | 31 | Балта |
| 6 | 172 | 218 | 83 | Балапан |
| 7 | 101 | 170 | 42 | Балапан |
| 8 | 150 | 98 | 27 | Сүйіндік, Қуандық, Балапан, Тарақты, Карсен |
| Барлығы | 1166 | 1199 | 348 |
Астары
2005
- 2005 жылы тамыз айында Шет ауданы Ақжал кентінде 170 киіз үй тігілген құрылтай өтті. Ақжал кенті маңында Алматы-Екатеринбург жолының бойында Кернейге ескерткіш белгі қойылды.
2015
- 2015 жылы 8 тамызда Шет ауданы Ақжал кентінде құрылтай өтті.
2025
- 2025 жылы шілде айының 26 күні Шет ауданы Ақжал кентінде ас этно-мәдени форматында өтті. Яғни, 165 киіз үй тігіліп, аламан, құнан, топ бәйге, қазақша күрес, садақ ату ұйымдастырылды.
Қоғамдық қайырымдылық қоры
«Көкбөрі Керней баба» қоғамдық қайырымдылық қоры 05.11.2003 жылы құрылған.
Басшылары:
- Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев (10 қазан 2003 - 2007)
- Мәжит Аманқұлұлы Әбдіров (2007-2015)
- Балтабай Игенов (2015-?)
- Төрехан Майбас (?-5 қазан 2024)
- Ұлан Аманбекұлы Әбдіханов (5 қазан 2024 бастап)
Өлең
Көкбөрі Керней баба Сөзі мен әнін жазған: Оралтай Сүлейменов
Тұлғалар
Керней руыннан шыққан тұлғалар.
|
|
|
Әдебиет
- Керней шежіресі, Төрехан Майбас, Қарағанды, Болашақ-Баспа 2005, 360 б., Тираж 1000, ISBN 9965-528-85-3
- Қазкен Қалиұлы Томпиевтің «Еуразиялық түркі шежіре аңыздары». — Алматы, 2012
- https://ru.calameo.com/books/001798844f0c0d4bd34c5