Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

48°21′03″ с. е. 79°23′18″ ш. б. / 48.35083° с. е. 79.38833° ш. б. / 48.35083; 79.38833 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°21′03″ с. е. 79°23′18″ ш. б. / 48.35083° с. е

Ақшатау (жота)

  • Басты бет
  • Ақшатау (жота)

Ақшатау жотасы – Сарыарқаның оңтүстік-шығысындағы жота.

Ақшатау жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Сарыарқа

Пайда болған кезеңі

Палеозой

Ең биік шыңы

Қособа тауы

Биіктігі

1305 м

Орналасуы

48°21′03″ с. е. 79°23′18″ ш. б. / 48.35083° с. е. 79.38833° ш. б. / 48.35083; 79.38833 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°21′03″ с. е. 79°23′18″ ш. б. / 48.35083° с. е. 79.38833° ш. б. / 48.35083; 79.38833 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Абай облысындағы Абай, Аягөз аудандары жерінде

Ақшатау жотасы (Қазақстан)
Ақшатау жотасы (Қазақстан)
Ақшатау жотасы
Ақшатау жотасы (Абай облысы)
Ақшатау жотасы
 Басқа мағыналар үшін Ақшатау деген бетті қараңыз.
Ақшатау жотасы

Мазмұны

Географиялық орны

Абай облысындағы Абай, Аягөз аудандары жерінде, Шыңғыстау жотасының оңтүстігінде орналасқан.

Жер бедері

Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жалғаса созылып жатқан Қарақшы (биіктігі 1151 м), Жалтыртұмсық (биіктігі 1169 м), Қособа (биіктігі 1305 м) сияқты бірнеше жеке таулар мен шоқылар тізбегінен тұрады. Оларды Арсалаң, Ақшатау өзендерінің аңғарлары бөліп жатыр. Жотаның оңтүстік-батыс беткейі тіктеу, жартасты, биіктігі 1300 м-ден 1000 м-ге дейін күрт төмендейді. Солтүстік-шығыс беткейі еңістеу, бірте-бірте көлбеуленіп жазыққа айналады. Оңтүстігінен Балқыбек, Көксала, Қалғұтты, шығысынан Сарыбұлақ, солтүстігінен Шетембай, Терісайрық өзендері бастау алады.

Геологиялық құрылымы

Ақшатау жотасы палеозойдың кварцит, құмтас, әктас, конгломерат, эффузивті жыныстарынан құралған.

Өсімдігі

Жотаның жалпақ төбелері мен беткейлерінің қоңыр топырағында далалық өсімдіктер (қараған, тобылғы, тасжарған, т.б. бұталар) өседі. Сайларында шоқ қайың, көктерек, тал өседі. Мал жайылымына қолайлы.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Шу ауданы

  • Сәуір 09, 2026

    Өтеген батыр

  • Сәуір 10, 2026

    Қытай Халық Республикасы

  • Сәуір 04, 2026

    Тұрмыс-салт жырлары

  • Наурыз 18, 2026

    Сарматтар

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары