Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Аққулы ауданы — 1939 жылы құрылған, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан және оңтүстік-шығысында Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, солтүст

Аққулы ауданы

  • Басты бет
  • Аққулы ауданы

Аққулы ауданы — 1939 жылы құрылған, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан және оңтүстік-шығысында Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, солтүстікте Шарбақты ауданымен шектесіп жатыр, батыста аудан шекарасы Ертіс өзені арқылы өтеді. Ауданның аумағы 806,1 мың гектарды құрайды. Павлодар қаласына дейін ара қашықтық 120 км. Әкімшілік орталығы - Аққулы ауылы.

Қазақстан ауданы
Аққулы ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Павлодар облысы

Аудан орталығы

Аққулы

Ауылдық округтер саны

10

Ауыл саны

23

Әкімі

Руслан Берекеленұлы Мұқанов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Аққулы ауылы, Иванов көшесі, №92а

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°28′ с. е. 77°46′ ш. б. / 51.467° с. е. 77.767° ш. б. / 51.467; 77.767 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°28′ с. е. 77°46′ ш. б. / 51.467° с. е. 77.767° ш. б. / 51.467; 77.767 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1939 жыл

Жер аумағы

8,1 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

12 493 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (82,13 %)
орыстар (10,66 %)
немістер (1,7 %)
татарлар (1,41 %)
украиндар (1,36 %)
шешендер (0,81 %)
белорустар (0,37 %)
башқұрттар (0,36 %)
басқалары (1,2 %)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

140700-140710

Автомобиль коды

14

Аққулы ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Аққулы ауданы

Мазмұны

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Солтүстігінде Павлодар және Шарбақты аудандарымен, шығысында — Ресейдің Алтай өлкесімен, оңтүстігінде — Абай облысы Бесқарағай ауданымен, батысында — Май ауданымен бөлетін кеме жүретін Ертіс өзенімен шектес. Аудан аумағымен Павлодар – Семей автомобиль жолы өтеді.

Климаты

Аудан климаты қатал континентальды. Қаңтардың орта температурасы −17º-18ºС, шілденікі - +20º+21ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм құрайды.

Жер бедері және гидрография

Аудан аумағы бетегелі өсімдігі бар жай толқынды жазық жерлерден тұрады, тұзды көлдер саны өте көп. Топырақ қызғылт және қою қызғылт, механикалық құрамы бойынша — құмайт және құмды, жел эрозиясына тез шалдығады. Алқаптарда — ауыр суглинкалар бар. Жер қойнында келесі табиғи құрылыс материалдары зерттелінген: алебастр, сульфат, гипс, әк.

Флора және фауна

Оңтүстік-шығыста жолақты қарағай ормандары бар. Жолақты қарағай ормандары мен Ертіс өзенінің алқабында ағаш және бұтақты түрлер: үйеңкі, боз тал, қандағаш, көктерек, қайың, терек, қарағай және басқалары кездеседі. Шөп түрлерінен — жусан, бетеге. Ертіс өзені алқабы — қоғалы жаға. Қасқыр, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан секілді аң түрлері мен үйрек, қаз секілді құстар мекендейді.

Тарихы

Аудан Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылғы 16 қазандағы жарлығымен орталығы Лебяжі ауылы болып Бесқарағай, Каганович және Павлодар аудандарын шағындау есебінен құрылған. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы жарлығымен Лебяжі ауданы жойылып, аумағы Павлодар ауылдық ауданының құрамына енді. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы жарлығымен Лебяжі ауданы қайта құрылды. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық полигонындағы ядерлық сынақтан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес аудан радиациялық қауіпті аумаққа жатқызылды. 2018 жылғы 4 тамызда ҚР Президенті жарлығымен аудан атауы Аққулы болып өзгертілді.

Әкімшілік бөлінісі

23 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Аққулы ауылдық округі 2940 ▲3014 102,5 1395 ▲1493 107 1545 ▼1521 98,4
Баймолдин ауылдық округі 821 ▼672 81,9 402 ▼352 87,6 419 ▼320 76,4
Жамбыл ауылдық округі 1492 ▼1200 80,4 757 ▼618 81,6 735 ▼582 79,2
Қарақала ауылдық округі 1637 ▼1362 83,2 824 ▼685 83,1 813 ▼677 83,3
Қызылағаш ауылдық округі 821 ▼522 63,6 420 ▼277 66 401 ▼245 61,1
Майқарағай ауылдық округі 931 ▼749 80,5 480 ▼394 82,1 451 ▼355 78,7
Малыбай ауылдық округі 1505 ▼1175 78,1 755 ▼626 82,9 750 ▼549 73,2
Шақа ауылдық округі 910 ▼679 74,6 487 ▼348 71,5 423 ▼331 78,3
Шарбақты ауылдық округі 1692 ▼1517 89,7 834 ▼772 92,6 858 ▼745 86,8
Ямышев ауылдық округі 1844 ▼1747 94,7 952 ▼916 96,2 892 ▼831 93,2
ЖАЛПЫ САНЫ 14593 ▼12637 86,6 7306 ▼6481 88,7 7287 ▼6156 84,5

Халқы

1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 19846 ▲28573 ▼28057 ▼26951 ▼19653 ▼14593 ▼12637

Этникалық құрамы

Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына)

  • қазақтар — 11 306 адам (80,9 %)
  • орыстар — 1 582 адам (11,32 %)
  • украиндер — 215 адам (1,54 %)
  • немістер — 241 адам (1,72 %)
  • татарлар — 200 адам (1,43 %)
  • белорустар — 65 адам (0,46 %)
  • басқалары — 421 адам (3 %)
  • Барлығы— 14 030 адам (100,00 %)

Санның серпінділігі

1999 жылы халық саны— 19,6 мың адамды, 2012 жылы — 13,97 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 2012 жылы 1 км² 1,72 адамнан келді.

Экономика

Ауылшаруашылық

Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: қой шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы, жүн өндіру, қарбыз өсіру. Бидай, тары, қарақұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, сүт, ұсақ тері шикізаты. Шаруашылықтың негізгі бағыты — мал шаруашылығы. Аудан жібек жүнді қой шаруашылығымен айналысқан, бұл шаруашылықпен колхоздардан басқа— «Бесқарағай» племсовхозы, № 23 совхоз секілді мамандандырылған қой шаруашылықтары да айналысқан. Қазақ ғылыми-зерттеу мал шаруашылығы институты, ал соғыс жылдарынан кейін мал шаруашылығы институтының Шығыс-Қазақстан тәжірибе станциясы қызметкерлерінің көп жылдық, мақсатты селекциялық-асыл тұқымды жұмыс түрінің нәтижесінде, жаңа түр – үлкен салмаққа ие ірі конституциясы бар қазақ мериносы енгізілді. Ауданның ауылшаруашылық өнімін өндірумен 10 ауылшаруашылық, 172 шаруа қожалықтары айналысады, 4332 жеке қоныстар бар. Ауданда 2 наубайхана, 1 жел диірмені, 1 сүтті қайта өндеу цехы жұмыс істейді.

Әлеуметтік сала

Білім беру мен ғылым

Аудан аумағында 27 білім беру мекемелері бар, оның ішінде 1 арнайы орта, 18 орта, 4 негізгі, 1 бастауыш, 3 мектеп жасына дейінгі. Сонымен қатар 6 бөлімшесі бар 305 адам айналысатын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау объектілері 24, оның 1 орталық аудандық аурухана, 1 туберкулезге қарсы аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункт.

Мәдениет

Аудан бойынша 18 мәдениет объектілері, 24 кітапхана және 1 жылжымалы «Бұлақ» кешені қызмет атқарады. «Аққу үні» аудандық газеті шығарылады (1940 жылдан).

Әйгілі адамдар

Социалистік Еңбек Ерлері:

  • Б.Айдарханов,
  • Ж.Жанғожин,
  • Б. Оспанов,Уақап Сыздықов, Қ. Шарбақбаев
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Байзақ ауданы

  • Сәуір 05, 2026

    Хинди тілі

  • Сәуір 05, 2026

    Астана қаласы

  • Сәуір 06, 2026

    Компьютер бағдарламасы

  • Сәуір 04, 2026

    Аутотрофты организмдер

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары